Алматыдағы нөмірі 139-шы балабақшасының алдына бүгін сәбилер емес, полиция қызметкерлері, тіпті криминалистер жиналды. Мектепке дейінгі мекеме басшылары шу шығарған ата-анадан қашып, құзырлылардан көмек сұрапты. Алайда, Жазира Аманбекова екі жастағы қызын осы балабақшаға 82 мың теңге беріп орналастырғанын айтады. Меңгерушісі Бақыт Оспанова ақша төлегені үшін түбіртекті кейін берем деп уәде берген. Артынша, мереке сайын балабақша басшылығы ата-аналардан ақша жинауды әдетке айналдырыпты. Екі-үш мыңнан сұрағаны өз алдына, Наурыз мерекесіне бауырсақ пісіріп, қазы мен шұбат әкелесіз дегенде төзімім таусылды,- дейді Кәусардың анасы...
ЖАЗИРА АМАНБЕКОВА, Кәусардың анасы:Қазыдан басталды. Чектен басталды. Чек сұраған сайын қашады, воспитатель де қашады, бухгалтердің түрін көрген де жоқпыз. Бір бутылка коньяк, коробка шоколад әкеп бердік туған күнін жуғанымыз деп. Қазы әкелуге қауқарым жоқ деп келген ата-ананың шуынан кейін екі жасар Кәусарды еш себепсіз балабақшаға кіргізбей қойған. Теспей сорған мекеме басшыларының үстінен арыз түсіргеннен кейін ғана білім басқармасы меңгеруші Бақыт Оспановадан түсінік алып, жұмыстан шығарыпты. Кәусарды заңсыз балабақшаға қабылдағаны үшін...
АҒАЙША САПАРОВА, Алмалы аудандық білім басқармасының бас маманы:Тәрбиешіні шығару шығармау балабақша меңгерушісінеің құзырында. Ал меңгерушіге қарсы білім басқармасы жазаны қолданды. Ал жұмыстан шығарылмаған тәрбиешілер, өздері төрт ай тәрбиелеген баланы танымаймыз деп танып шықты... Ақша алды дейді ғой, где доказательстово, хммм мен танымаймын. Қайдағы ақша????? Жалпы, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының мәліметінше, сәбиді балабақшаға орналастыру үшін орташа есеппен қызметкерлер 33 мың теңге пара алады екен. Мектепке дейінгі мекемелерде жөндеу жұмыстары мен ойыншық алуға, тәрбиешілерге сый жасауға жылына ата-аналар бір жарым миллиард теңге жұмсайтын көрінеді. Жапа шеккендердің бірі Кәусардың анасы баласын себепсіз шығарып, денсаулығы туралы куәлігін бермей отырған балабақша басшылары жазасыз қалмаса екен дейді...
ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:Көңілі қалған ата-ана баласын бұл балабақшаға беруге құлқы жоқ. Бірақ, мекеме меңгерушісі мен тәрбиешілердің үстінен прокуратура мен полицияға арыз түсірді. Қазыға тапсырыс берген меңгерушінің ісімен енді қаржы полициясы айналысуы мүмкін.
Пікір қалдыру