26 жастағы Диас Кушугуловқа Қазақстан қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айып тағылған: "терроризм немесе экстремизмді насихаттау", "әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздық тудыру", "заңсыз суық қару ұстау", "қару және оқ-дәріні алу және сақтау". Сотта оның "2011 жылы Ресейдің Кавказ аймағында әрекет еткен радикалды ағымның өкілі болғаны, Қазақстанға келгеннен кейін айналасындағы адамдарды қарулы жиһадқа үндегені" айтылды.
Диас Кушугулов сотта өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сот оған жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды.
Пікір қалдыру