Көші-қон жайы сөз болды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Жақында Алматыдағы баспасөз орталығында (Қарасай батыр, 85 үй) «Жаншуақ» қайырымдылық қоры мен Оралман әйелдердің «Нұр қоныс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  «Тарихи отанына оралып жатқан қандас бауырлардың Наурыз мерекесі қарсаңында кездесуі және әлеуметтік мәселелері бойынша ой бөлісуі» атты дәңгелек стол жиналысын өткізді, онда негізінен: Көшіп келіп жатқан қандас бауырларымыздың тұрақты тіркеуге тұруы, азаматтыққа құжат тапсыруы,баспана, жер мәселесі, білім алу және денсаулық сақтау мәселесі бойынша туындайтын сұрақтар; көп балалы аналардың мемлекеттік жәрдемақы алу, мүгедек жандардың үкіметтен алатын қосымша жәрдемақысы туралы туындайтын сұрақтар, несие алу; қатарлы көптеген қордаланған мәселелер талқыланды. Жиналысқа қор басшылары мен қатар заңгерлер, ақпарат құралдары және мемлекеттік мекеме өкілдері,шетелден коныс аударган қандастар  қатысты. Жиналыс күнтәртібі бойынша кіріспе сөз алган  «Жаншуақ» қайырымдылық қорының директоры Қабдолла Тасқынбек Қор жұмысының мақсаты мен мәнін айта келе жиналыс күнтәртібі мен жоспарындағы  қаралатын негізгі мәселелерді жеке-жеке атап көрсетті.

Оралман әйелдердің «Нұр қоныс» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Аллабергенова Зибира: Қазіргі көші-қон жумысындагы кедергісі көп мәселелер мен үкіметтік ұйым жұмысындағы күнделікті кездесетін маңызды сауалдарды атап көрсетті: мәселен алғаш қоныс аударган қандастарымыздың тіркеуге тұрудагы қиындығы мен азаматтық алудағы басы артық қағазбастылықтың азаймай отыргандығы және көші-қон квотасының тоқтатылуына байланысты туындаған сұрақтар қадаулы әлеуметтік мәселелер турасында сөз етті.

Өзбекстаннан қоныс аударған оралман әрі заңгер Утепбергенов Сейпатдин: Қазіргі кездегі оралмандарға қатысты  қолданыстағы бірқатар заң әктілері мен үкіметтік қаулылардағы кеткен ағаттықтар мен кемшіліктерді оз басынан откізген тәжирбиесы негізінде салыстырып атап көрсетті, сонымен қатар оралмандарға қажнтті  заңдық-құқықтық көмек беретін орталықтың не мемлекеттік мекеменің қажеттілігін және оралмандардың  жеке бас куәліктері мен заңдық құжаттарын аударып куәләндыратын нотарюстық жеке меншік мекемелердің қаражат төлету жағындағы өрескел жүгенсіздігін бұған Әділет минстірлігі тарапынан тексеру мен шектеудің қажеттілігін атап көрсетті. Алматы қаласы көші – қон полииясы басқармасының оралмандармен және босқындармен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Күлсін Метербайқызы Ысқақова: Негізгі қордаланған өзекті мәселелердің бар екендігін мойындай келе, Соңғы жылдардағы Көші-қон жұмысымен айналысатын бірден – бір мемлекеттік мекеменің соңғы бірнеше жылдағы құрлымдық өзгерістерге байланысты көші-кон жұмысының ақсап жатқанын айта келе бүгінгі талқылаған өзекті мәселелерді өз тарапынан  міндетті түрде шешылуіне ат салысатынын және өзінен жоғарғы уәклетті орган мен басшыларына жеткізетінне уәде берді. Сонымен қатар оз уәкілеттілігі төңірегінде журнлалистер мен оралманндардың сұрақтарына жауап берді.

Алматы қалалық көп балалы аналар қауымдастығының төрайымы Аимбетова Бибираба: Қазіргі кездегі қоғамның әлжуаз әлеуметтік тобына айналган оралмандардың көптеген мәселелері мен мелекеттік жәрдемақы мәселесіндегі проблемалар көп балалы оралман отбасылардың жағдайы, және мемлекеттік жәрдемақылардың оралмандарға қатысты төлену жағдайын түсіндірді сонымен қатар Оралмандардың баспаналы болу жағындағы қиншылықтары мен мемлекеттік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасына оралман отбасылардың қөатысу мүмкіндігін карастырлса деген пікір білдірді.  Жиналыс соңында ұйым жетекшілері мен құзырлы мекеме өкілдері журналистер мен оралмандардың сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар бүгінгі талқылынған мәселелерді хаттама ретінде тіркеп тисті мемлекеттік мекемелерге жолдайтын болып келісті, әрі мұндай басқосулар мен жиналыстарды жиы өткізіп тұруға сонымен қатар оралмандар жиы қоныстанған шалғай елді мекендерге көшпелі отырыс негізінде жалғастыруға уәделесті. Жиналған оралмандар көкейде жүрген  көптеген сұрақтарына жауап алғандай болды. Соңында тұрмысы томен копбалалы отбасыларына арнап қор тарапынан азық-түлік карзинасы үлестірілді. Және жиналысқа  қатысушылардың барлығы мерекелік дастарқаннан дәм татты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар