Ортақ волютадағы тарихи қадамдары туралы...

/uploads/thumbnail/20170708181535344_small.jpg

14 ғасырда Алтын орда, Хорезм, Иран, Ақ орда, Жиделі Байсындағы әмірліктерде экономикалық жағынан ортақ ақша айырбас болмаған соң, біраз қиындықтар туғызыпты. Соның салдарынан осы Орталық Азияда ортақ волюталық айналымдар пайда болған - Динар, дирхем және алтын деседі. Соңғысы көп жүрмесе де өз құнын жоғары ұстаған. Ал көбіне күміс ақшалар динарлар жүрген екен. Негізі ортақ волюта мәселесі өз уақытында жасанды жолмен келмейді. Экономикалық қажеттіліктерден туындайды. Оның алғы-шарттары бар. Алайда, бүгінгі Ресей тарапынан тықпаланып жатқан ортақ волюта мәселесі асығыстық. Бұған экономикалық эксперттер ортасының нақты жауабы болуы тиіс. Жалпы кез-келген мәселені талқыласақ. Оның тарихи даму оқиғаларымен, негіздерімен танысу қажет. 14 ғасырға дейнгі Моңғол шапқыншылығы, одан ұлыстар мен ордалардың, қала әмірліктерінің даму тенденсиялары, жаугершіліктегі күйзелістері, алым-салық мөлшерлері, керуен жолдарының даму әсері, әскери провизия, саяси амбиция зардаптары, кейбір аймақтардағы көшпелі үрдістен күштеп отырықшыландырулар, аграрлы жүйелердің қолға алынуы т.с.с. факторлар нарықтық ортақтыққа итермеленді. Әрине, сол үшін Кеден одағы құрмаса да, некелесу, жаулап алу, қысым көрсету арқылы, ортақ нарықтық жүйелерді орнатулар жүрген. Кейде тарих айналып келе береді. Одан артық адамзат басқа жолдарын әлі таппаған. Бізге керегі өз мүддеміздің ағымымен даму ғой...

Мақсат Жақау, Facebook парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар