Шетелдегі қазақ балаларына арналған халықаралық олимпиада өтеді

/uploads/thumbnail/20170708151010729_small.jpg

Астанада «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен X халықаралық олимпиада өтеді. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды BAQ.KZ AA тілшісі.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктен кейін алыс-жақын шет елдердегі бауырларымызды ата қонысына шақырғаны белгілі. «Шетелде тұратын отандастарды қолдау туралы» жарлыққа қол қойылып, Үкімет қаулысын да қабылдады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы шет мемлекеттерде тұратын отандастарды қолдау туралы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылғы 24-28 маусым аралығында елордамыз Астана қаласында «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен X халықаралық олимпиадасын өткізеді. Орталықтың ұйымдастыруымен 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан олимпиада шартына сәйкес шетелдегі 9-12 сыныпта оқитын 20 жасқа дейінгі оқушылар жарысқа қатыса алады. Жарыс жеңімпаздарына мемлекеттік және ЖОО-ның арнайы гранттары беріледі. Орталықтан ұғысуымызша, осы олимпиадада қара үзіп алға шыққан 100-ден астам қазақ баласы бұл күнде еліміздің маңдайалды ЖОО-нан білім алып, алды Қазақстан үшін тер төгіп, қызмет жасап жатыпты. Қатысушы мемлекеттердің әрбір командасы 6 оқушы мен 1 жетекшіден құралуы тиіс. Қатысушылар мен команда жетекшілері барлық шығынды өз үстіне алады. Қатысушылар жөніндегі мәліметтерде олардың аты-жөні, туған жылы, оқитын сыныбы, мекен-жайы, паспорт нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Олимпиадаға қатысу жөніндегі сұраныстарды ұйымдастыру комитетіне 5 маусымға дейін жіберу керек. Олимпиада жайлы басқа да толық ақпратты алдағы уақатта да хабарлайтын боламыз.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 16/1. Тел. +7 (7172) 445348; факс 445352; z.amanova007@ mail.ru, azholanova@ mail.ru

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар