Шығыс Қазақстанда ерекше археологиялық олжаларды қонақтарға көрсетті

/image/2019/09/07/crop-139_91_461x819_img-20190906-wa0109.jpg
Оған сонау Франция, Ресей, Түркия, Үндістан, Жапония, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері жиналды. 
 
Конференция басталмас бұрын жиылған қауым соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында табылған тарихи жәдігерлер ұсынылған көрмені тамашалады. Көрмедегі ең басты экспонаттардың қатарында ШҚО-ны мекендеген сақ дәуіріндегі адамдардың киім-кешектері мен күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданған заттары қайта қалпына келтірілген күйінде қонақтарға ұсынылды. 
 
көрме
 
Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ашты.
 
– Біздің өңірде, 2016 жылдан бері дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Нәтижесінде белгілі ғалым З.Самашев пен Ә.Төлеубаевтің жетекшілігімен 20 мыңнан астам құнды артекфакт табылды. Осылайша, облыстағы тарихи-өлкетану мұражайының қоры толықты. Соңғы төрт жылдың ішінде жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында ежелгі мәдениет туралы ғылыми танымымызды кеңейттік. Бүгінде Ұлан ауданындағы Ақбауыр тарихи кешенінен сақтардың қонысы табылды. Әсіресе, біздің Шығыс өңірінде Алтайды зерттеуге зор көңіл бөлініп, қазба жұмыстары жүргізілуде. З.Самашев, Ә.Төлеубаев сынды отандық ғалымдардың жетекшілігімен Берел, Шілікті, Елеке сазында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары да нәтижесіз емес. Қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлерге бүгінде шетел ғалымдарының өзі таңдай қағуда, – деді Әсем Нүсіпова.
 
Конференцияға Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Кореяның Қазақстандағы елшісі Хан Ман Чун, Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы, Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг қатысты.
 
п
 
Конференция барысында Зейнолла Самашев "Қола дәуірі мен ерте ортағасыр кезеңіндегі Алтай-Тарбағатай" тарихы туралы баяндама жасады. Бұдан соң Әбдеш Төлеубаев Шілікті жазығы мен Тарбағатай тау бөктеріндегі ежелгі және ортағасырдағы ескерткіштер туралы кеңінен баяндады.
 
Конференция барысында Едитеп университетінің (Стамбұл, Түркия) тарих бөлімінің жетекшісі, профессор Ахмет Ташағыл "Қытай дереккөздері бойынша ежелгі түріктердің тарихы" тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар Әзербайжан Ұлттық ғылым Академиясының Археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих жөніндегі философия докторы Тахира Шахбазова (Баку, Әзербайжан) "Әзербайжандағы қыпшақтар: топонимдерде сақталған тарих" атты баяндамасын жасады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар