1721 жылы Амстердамнан шыққан картада Алматы мен Абылай атаулары табылды

/image/2022/03/16/crop-21_6_424x754_124023795200.jpg

Тарихта мұңғұл деген халық, Мұңғұлия деген мемлекеттің болғанын дәлелдеймін деп, әлем университеттері мен кітапханаларының көпшілікке қолжетімді дереккөздерін шолып жүріп, өзімізге қатысты қызық екі мәліметті тауып алдым.

Алматы

Мына карта 1721 жылы Амстердамда шыққан екен. Carte de Tartarie, Татарлардың картасы деп аталады, еуропалықтар сонау Плано Карпини, В. Рубрук, М. Поло дәуірінен бастап мұңғұлдарды "татар", " тартар" деп атаған.

Картаның төменгі сол жақ бұрышында Lac Issi - Ыстық Көл тұр.

Ыстық Көлдің жоғары жағына қарасаңыздар ALMALEC деген қаланы көресіздер, бұл АЛМАЛЫҚ деген сөз!

Демек, қазіргі Алматы қаласы 1721 жылы Алмалық деп аталған!

Жуырдағы бір постымда жазғам Алматы қалмақ сөзі деп. Аяғы -ты жұрнағымен бітетін жер-су атауының көбі қалмақша (мұңғұлша).

Осы картаны көрген соң мынадай ой келіп тұр: Алматының бұрынғы атауы қазақша (түрікше) АЛМАЛЫҚ болған секілді, ал жоңғарлар оны өз тілдеріне икемдеп қалмақша (мұңғұлша) Әлімті деп атаған болуы тиіс. Кейінірек осы қалмақша атауы Алматы формасында сақталып, түрікше атауы ұмытылып кеткен тәрізді. Оның себебі бір ғасырға жуық қалмақтармен жүрген шайқастар және Жоңғарларды құраған мұңғұл тайпаларының жеңілістен соң қазаққа сіңіп кетуі. Түрік халықтарының ішінде мұңғұлшадан кірме сөздің мөлшері жағынан қазақ тілінің бірінші орында тұруы осы райымызды растағандай...

Екінші қызық мәлімет картаның жоғары жағындағы
TERRES DE ABLAY, яғни Абылайдың жерлері деген сөз болды. Сол жерге тағы да Residence d Ablay prince Calmouc деп жазыпты, бұл Қалмақ принц Абылайдың ордасы деген сөз. Картаның авторларына қазақ халқы беймәлім болған секілді, сондықтан еуропалықтарға жақсы танымал болған қалмақтардың принці деп көрсетіпті. Әлде мен білмейтін шынымен де қалмақ Аблай деген болды ма екен, білетіндер пікір қосар деп үміттенемін. Менің ойымша бұл өзіміздің Абылай секілді, өйткені ордасы тұрған жерді Бурабай деп жазылыпты.

Жалпы еуропа елдерінде 1610-1890 жылдары аралығында шығарылған елуге жуық көне картаны шолып шықтым, қазақтар туралы мәлімет көп емес, өте аз. Ал барлық карталарда тартар, қалмақ, қалқа, мұңғұл, өзбек, қырғыз, торғауыт тб деген сөздер тұр. Бұл қазақ хандығының халықаралық ортада аса білінбегендігін көрсеткендей болды. Сондықтан, мына картадан Алмалық және Абылай деген сөздерді көріп, қуанып қалдым...

Мұртаза Бұлұтайдың facebook парақшасынан алынды

Пікірлер тізімі 9

  • default avatar
    09:17, 11 қыркүйек 2019

    Сәмен.Өскемен

    Қалмақтың тайшысы Абылай деген болған. Оның аты тарихи деректерде жиі кездеседі. ШҚО-дағы Аблакит будда монастрінің орны әлі де бар. Соңғы жылдары марқұм Карл Байпақов зерттеулер жүргізген.

  • default avatar
    19:23, 08 қыркүйек 2019

    Тәуелсіз суретші

    Махамбет Өтемісұлының 1839 жылы жазған хатының мәтінін оқып көрейік: «Хұрмәтлу батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұхамбет, Амантай баршаларың-ызға бірдайын сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғакүйләріңіздің хамидіндә. Уә бүнден соң бұ иылға сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келуге һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз. Өһәм сізләрні өзім де көруге бек інтізар болсам да жұртның жайсызлығы бірлән өзімнің артқы жағымның жайсыз ашуғышлығы уәзәрә бара алмадым. Өһәм өзім де бұ халықтың ішінде тұра алмаймын. Қайтып тез заман ғаскер алдындан барып, ханға жолығамын. Нешік те болса бұ йыл келмейінше қалмас. Әгәрдә өзләріңізнің жайларыңыз келсе. Сәли старшинаны бәңә жіберіп алыңыз. Бән һәм сізләрнің хабарың-ызны күтіп алсам кирәк. Ушан халық-ларның ішінде һәрнешік Хиуадан әскер болмайдұр деп ойламаңыз. Әгәр орыс-қазақтан қысаңлық болса, бері қарап көшіңіз. Бір малыңызға назар халқы ғайри уәлиәт тия қыл-мас. Һәрнешік орыс турәгә хор бол-маңыз. Һәм бүгінде Ғайбала ханның қолында біраз әскер бар. Адай, Табынның тинтәкләрін тиып, зәкәтләрін алатұрған һәд де узләріңіз біліп тұрғансыз. Һәм де бұ йыл барған алашалар молла Жарылғас білән Ошырты бинің барған иліндән Аллақұли хан бажы һәм зәкәт бірісін де алмады. Һәм ошан күз алашадан алпыш икі үйіні қырғыз Хиуадан ба-тырлар шауып кетіп еді, шол маллар-ны да Аллақұли кісі жұмсап, алдыру-ға ниетленген ирді һәм тілеу халықла-ры да малның алдын алып келіп бер-ді. Орыстан шығып барған халық хадірсіз ирмәс. Һәм сіз халықның да бізнің бірлән бір болғаныңызны да Аллақұли хан бек хош уақ болды. Бутән ғайри не язайын? Язғушы ініңіз МұхамедУтәміш ұғлы дейур біләсіз – МУХАМЕД. Бұл қазақ батыр ақынының ХІХ ғасырда жазған хаты. Ал ХІ-ХІІ ғасырдағы қазақтардың тілі мүлде өзгеше болған ғой.

  • default avatar
    19:13, 08 қыркүйек 2019

    Тәуелсіз суретші

    жоға,Ереке! Автор қате айтып отыр. Көне түркі сөз тіркесі -ті,-ты дегендер. Бала кезімде оқығанмын,өтірікші болмайын,сол кездегі бір зерттеген жазуша ағаларымыз.

  • default avatar
    11:47, 08 қыркүйек 2019

    Қайрат

    Оян қазақ оян.

  • default avatar
    11:44, 08 қыркүйек 2019

    Қайрат

    Оян қазақ оян

  • default avatar
    06:49, 08 қыркүйек 2019

    Өлімнен ұят күшті

    Траихтан білім алмаған адамдардың ортақ қатесі өзінің не өзгелердің ойына жүгініп дәлелсіз сөйлеу, Мұның салдары өзін де, өзгелерді де адастыруға апарады. Цицеронның бір әдемі сөзі бар екен "авторитетке емес, делелге жүгіну керек" деген, өкінішке орай бізде дилетанттар басым болып тұр. Енді "Қазақтар әрқашанда "Степные татары" , "Вольные татары" деп көрсетіледі" деген сөзден "жалпы татар дегенің қазақтар" деу ғана қалды, бұл "Шыңғысхан қазақ" деп жаға жыртысқан надандар секілді. Адам атаны да, Иса пайғамбарды да қазақ еткендей енді кім қалды екен. Бұл надандардың тірлігі қазаққа ұят, қорлық келтіретін іс болды. Мұртаза дәлел келтірсе Серікжан болжамды ақиқат ретінде дәлелдейді. Бұл мәдениеттің , не білімнің кемдігінен емес, бұл ар мен ұяттың кемдігінен.

  • default avatar
    06:31, 08 қыркүйек 2019

    Ерсін

    Қыс+ты, құш+ты, қырт+ты, бас+ты - "ты" жұрнағымен біткен яғни қалмақ сөздері екен ғой. Мен білмей жүрсем.

  • default avatar
    03:50, 08 қыркүйек 2019

    Серікжан

    "Түркі тілдерінің тарихи грамматикасы"

  • default avatar
    03:48, 08 қыркүйек 2019

    Серікжан

    Ол картада қате жоқ. "Татар" деп қазақтарды да айтқан. Қазақтар әрқашанда "Степные татары" , "Вольные татары" деп көрсетіледі. Ал Халха Монғолдар - "Китайские татары", Естектер - "Русские татары" деп аталған. Ол заманда осы "үш татар" болған. Татар деп осы үш халықты, соның ішінде қазақтарды айтқан. Бұл әйгілі "Қалмақ империясының" кезіндегі Азияның картасы. Ойраттар Қытайдың тас-талқанын шығарған Есен тайшының заманынан (1333), одан Жоңғар хандығы құрылған кезден (1634) Біз "Ақтабан шұбырынды" деп атайтын кезеңде (1723-1725), одан "Жоңғар геноциді" (1755-1759) және "Шаңды жорыққа" (1771) дейін Қытай қорғандарынан Еділ өзеніне, Тибеттен Сібірге дейінгі аймақта жарық дүниенің жартысын иемденіп, "Ұлы Қалмақ империясы" орнаған. Бұл жаһанның жартысын жаулап, талай-талай Ұлы империялар құрған дала көшпенділерінің ең ақырғы империясы болатын. Ол империяны күйреткен Қытайдың Мәнжу империясы - бұл соғыс тарихта "Үшінші жоңғар-қытай соғысы" деп аталады. Немесе "Жоңғар геноциді". Жоңғарлар Ресеймен Батыс Сібір мен Байкал өңірінде, Тибетпен Тибет өлкесінде, Қашғариямен Қашғар мен Такла-Маканда, Қытаймен қазіргі Шыңжаң мен Монғолияда қиян кескі шайқастар жүргізген, ал "Ақтабан шұбырынды" кезінде қазрігі қазақ жерін түгелдей жаулап алған. Осы ерлердің бәрін Еуропада "Қалмақ империясы" деп атаған. Енді "Алматы" және "Алмалы" сөздерінің еш айырмасы жоқ: "-ты" жұрнағы Көне Түркілік варианты (Өлеңті, Шідерті, Қалдығайты, Ноғайты), ал -лы жұрнағы Қыпшақ тілді варианты (Алмалы, Шиелі, Жосалы) деп есептеледі Түрі тілдерінің тарихи грамматикасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар