Әлем жұлдыздары Өскеменде

/image/2019/09/07/crop-149_180_576x1024_img-20190906-wa0148.jpg
Мерекелік кеште қала тұрғындары мен қонақтары үшін "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Медет Чотабаев, танымал опера әншісі Жұпар Ғабдуллина, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов, Римнен келген Сильвья Ли өнер көрсетті.   
 
Бұған дейін Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері арасында байқау өтті. Оған қатысушылар үрмелі аспаптарда, фортепиано мен скрипкада, сондай-ақ виолончельде ойнап, өзара кім мықтыны анықтады. 
 
Байқаудың қортындысы бойынша Сұлтан Мұхамедқалиев пен Ева Новохатскаяға арнайы шәкіртақы тағайындалды.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларында да дәл осындай байқау ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға 10 ай бойы 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленіп тұрады. 
 
– Қазақ өнерін әлемге паш етіп, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында байқауды өткіздік, – деді Еуразиядағы өнерді дамыту қорының президенті Михайл Кирхгофф.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар