31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік дәрежеде ресми бекітілген – «31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» байланысты қоғамдық негіздегі бастамаға үлес қосуға шақырамыз. Әрқилы саяси зобалаңдар кезінде құрбан болған бауырларымыздың рухына тағзым ету – перзенттік парызымыз. Бұл Аза күнін жалпыұлттық деңгейге жеткізу, елге бірлік, ұрпаққа тәлім шарасына айналдыру өз қолымызда. 31 мамыр күні біз Сіздерді Қазақ халқының ескі және жаңа тарихында саяси репрессиялардың құрбаны болған барша азаматтарды бірлесе еске алу шараларында күтеміз: 12:30 – Тарихи фотосурет көрмесі, «Ашаршылық» деректі фильмінің көрсетілімі. Режиссері Еркін Рақышев. «ЦЕЗАРЬ» кинотеатры. Алматы, Фурманов-Жібек Жолы көшелерінің қиылысы 14:30 – Ашаршылық құрбандарына ескерткіш белгіленген орынға гүл қою, Құран бағыштау. Алматы қаласы, Наурызбай-Бөгенбай көшелерінің қиылысы. Аза күніне арнайы дайындалған қаралы таспалар таратылады. Қыз-келіншектерден шелпек пісіріп әкелуді өтінеміз. Біз әріптестерімізбен бірге қазірден бастап аза-бауды кеуделеріңізге немесе көліктеріңізге тағып алуларыңызды өтінеміз. 1921-23, 1931-33, 1937-38 жылдары қолдан ұйымдастырылған аштықтан қырылған және қуғын-сүргін құрбаны болып атылған миллиондаған ата-бабаларымызды еске алып, тағзым етіп, оларға құрмет көрсетуге шақырамыз. Дүйсенбі, 27 мамырда Әуезов көшесі, 82 ғимарат, 605-ші кеңседен алып кетулеріңізге болады, тел 375-86-54. (Абай көшесінің қиылысы, Әуезов көшесімен жоғары жүрсеңіз, сол жағыңыздағы 6 қабатты сұры түсті ғимарат) Аза-бау. Көк және қара түсті. Көк - көк байрағымыздың, ашық аспанымыздың белгісі. Қара - көк аспанды қара бұлттың торлауы, қайғының белгісі. Саяси қуғын көргендер барша аймақтарда, әрбір ауыл-қалаларда болды. Еліміздің өңірлеріндегі белсенді бауырларды бұл іске үлес қосуға шақырамыз.
Қоғамдық бастама мүшелері: Мұхтар ТАЙЖАН Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ Самат НҰРТАЗА Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ Жанат ЕСЕНТАЙ Абзал ҚҰСПАН Берік ШАДҒАЛИ Аман МӘМБЕТӘЛІ Думан КӘКІМ Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ Бақыт МҰХТАР Ержан АЛАШ Айгүл МАЗАҚБАЙ Айгүл ӨТЕП Едіге АХМЕТ Әліби ӘРІП»
Пікір қалдыру