ЖАЛҒЫЗДЫҚ... Бұл, бір - күрделі категория. Десек те, Тәңірі жар болса, таяу уақытта баспа бетін көретін "Аңқыл" атты көптомдық кітабымыздың осы тақырып жөніндегі толғамдарынан қысқа да нұсқа бір-екі сөзді көпке жария етелік.
"Жалғыздық" деген ұғым болғанмен де, "Жалғыздық" деп атауға ылайық құбылыс мүлде жоқ. Дуализмге сүйенсек те - солай. Бірақ, оны да әркім әр саққа жүгіртуге әуес. Ал, жалпы, Шексіздіктің де бір сипаты - шексіз өзара байланыс. Біз ол жайында да әр "білгішпен" дауласып жатпаймыз. Біздің бүгінгі пайымдамағымыз - адамға қатысты жалғыздық ұғымы. Демек, сұрақ мынадай: "Адамға жалғыздық тән бе?". Бабаларымыздың мыңдағанжылдық дана дүниетанымына сүйенсек: "әр адам - періштелі-сайтанды" біртұтастық. Белгілі бір мөлшерде, "андрогиния" деуімізге де болады. Ол екеуінің адамтанудағы терминологиялық сандаған шартты атауларының бір жұбы - "Аңқыр" (қош иісті еркек періште,.) мен "Мүңкір" (сасық ұрғашы періште,.)". Сол екеуі ғұмыр бойы, "итжығыс күйде, өзара керіседі де жатады". Ол екеуінсіз ой ойлап, пікір түюдің өзі еш мүмкін емес. Тіпті, әр пенденің көрер түсінде де солай. "Қабір талқысындағы тергеуші екі періште" де - "пенденің екіжүзділігі" деген ұғымның қалыптасуына негіз болған сол екеуі. Ауызекі тілде "Нәңкүр-Мүңкір" аталып жүр. "Нәңкүр" атауының түпнұсқасы - "Неаңқыр" (қош иісі жоқ Аңқыр).
Жә, бұл жерде біз "Жалғыздық - Құдайға ғана жарасар" пайымын да ескермей кете алмаймыз. Құдай "жалғыз" ба? Жоқ. Ең құдыретті Ақыл-Ес Ійесі ретіндегі Құдай да - "қос Құдай біртұтастығы". Қазақ Тілінде (дүниетанымында) олардың көптеген атауларының сақталып қалғандығы да сондықтан. Бір мысал: "Абай" (Бай: "күйеу Құдай") және "Ұмай" ("Май" деп те атала береді). Сол "біртұтас қос Құдайдың" "мүңкірлігінің" өзі де қандайда бір "құдыретті Жұпар Ене-Құдай" сипатында. Ол өзінің тұтас "зұлымдық" болмысымен "құдыретті Аңқыр Ата-Құдай" аталуға ылайық "Қосағына" мәңгі-бақи адал да кемел қызмет етеді". "Қарама-қарсылықтың таң-ғажайып жасампаз жұпар грамониясы" дегеніңіз - сондай керемет. Егер, кез келген пенде баласының "Аңқыры" мен "Мүңкірі" де сондай ғажап өзара үйлесімге жетіскен болса, онда сол пенделер қошперіштелік рухани кемел деңгейге көтерілген болар еді...".
Баба дүниетанымға сүйене, жалғыздық туралы айтпақ болған бір-екі сөзіміз - осымен тәмәм. Енді, осы тақырыпқа орай, біз өзімізді даттаушыларға кезек береміз. Айтып қалсын! Пенделік "Аңқыр мен Мүңкірдің" өзара талас-тартысы әлі көпке дейін созылады!..
Тыныштықбек Әбдікакімұлы, facebook
Пікір қалдыру