Ендігі кезекте, саябақты жаңғырту жұмыстарының келесі сатысында «Даңқ» залының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Мұнда соғыс және тыл еңбеккерлеріне арналған музей, монумент, «Тырналар» мемориалдары, сонымен қатар мұнда Ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен Семей полигонында жауынгерлік борышын өтегендердің монументтері қайтадан жаңартылған түрде саябақтан орын алған.
Жеңіс саябағындағы «Данқ» залын аралаған Бердібек Сапарбаев өзінің жоғары бағасын берді. «Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Ондағы, 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғаларға қойылған суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдына алып келеді. Атап айтсақ, 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генераль-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Ал, залдың 1942-жылға негізделген қабырғасы «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградтық өреңім» атты отты өлеңі және өзге де дүниелер орын алған. 1943-жылға арналған қабырғада Сталинград, Курск шайқастарына арналған үлкен фотолар жинағы орналасқан. Онда барлығы 1 миллион 300 сурет қамтылған. Сол секілді 1944-45 жылдарға арналған қабырғада Қызыл Әскердің Европаны азат етуін бейнелейтін фотолар жинағы ( 1 миллион 300 сурет) берілген. Сондай-ақ, залда «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін, 1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруі және Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана қаласында өткен салтанатты шараның суреттері де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.
Нысанның екінші қабатында «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан.
Пікір қалдыру