Жамбыл облысындағы ең биік ескерткіш орнатылуда

/image/2019/11/15/crop-126_18_416x555_whatsapp-image-2019-11-14-at-21.03.20-750x430.jpeg

Қазіргі таңда жалпы аумағы 20 гектардан асатын кешенде биіктігі 22 метрді құрайтын Әулиета ескерткішінің тұғыртасы қалануда. Бұл өңірдегі ең биік, ескерткіш болмақ. Бүгінде құрылыс басында 100-ге жуық жұмысшы, 10-нан астам техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы, ескерткіш орналасатын тұғыртастың биіктігі — 8 метр, биіктігі — 14 метрді құрайды. Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегіндегі кіре берісінде арка, арнайы тамашалау алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақ болады. Жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның мүсіні, баспалдақ бойымен Қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясына дейінгі қалалар бейнеленетін инсталяция орнатылмақ. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтуынша, ескерткіш «Тектұрмас» жобасының бірінші кезеңі бойынша бой көтеруде. Жобаның екінші кезеңінде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылмақ. Сондай-ақ, аймақ басшысы ескерткіштің айналасына Тараздың терең тарихынан сыр шертетін басқа да басқа да жобалар жоспарланғанын жеткізді. Бұл жобаларды әрі қарай жетілдіріп, туристерге тартымдылығын арттыру үшін Б.Сапарбаев оның құрылыс жұмыстарына қолдау көрсету туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар