"Болашақтықтар" балаларға арналған 33 голливудтық фильмді қазақ тіліне аударды

/image/2019/11/28/crop-610_231_500x666_whatsapp-image-2019-11-28-at-1.40.05-pm.jpeg

«Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасының арқасында қазақстандық мыңдаған жасқа әлемнің ең озық оқу орындарында сапалы білім алуға мүмкіндік берілгенін тілге тиек етті. 2011 жылы бағдарлама түлектері арнайы қор құрды. Қор балаларға арналған қайырымдылық және білім беру жобаларынан бөлек, мемлекеттік тілді насихаттауды да өз міндетіне алған-ды.

«8 жыл ішінде ел  болашағына бейжай қарамайтын демеушілер мен қамқор жандардың қолдауының арқасында, балаларымызға арналған 33-і голливудтық фильмді мемлекеттік тілге аудардық. 2011 жылы жоба алғаш іске қосылған кезде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл ісімізді қолдады. Елбасы жаңа мазмұн арқылы қазақ тілін дамытуға жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Сондықтан, бір ай бұрын ғана «Nur Otan» партиясы тарапынан мемлекеттік тілді насихаттаудың тиімді тетіктерін әзірлеу үшін арнайы топ құрдық. Осы орайда, «Өзіңнен баста» жобасының барлық қатысушысына алғысымды білдіремін. Фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне дубляждау кезінде біздің аудармашыларымыз қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан үзінділер келтіреді. Бұл фильмде Абайдың «Күз» және «Ғашықтың тілі тілсіз» өлеңдерін тыңдай аласыздар. Олай болса, атақты голливудтық фильмді ана тілімізде тамашалауға барша қазақстандықтарды шақырамын», - деді Бауыржан Байбек. 1111

«Болашақ» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісованың айтуынша, ерік-жігері мұқалмаған екі қыздың өмірі туралы баяндайтын бұл картинаның тақырыбы біздің еліміз үшін де өзекті. Өйткені, бүгінгі таңда қазақстандық әйелдерді елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға шақырып жатқаны белгілі. Осыдан бірнеше күн бұрын «Nur Otan» партиясының алаңында Нұрсұлтан Назарбаев әрбір мәслихаттың сайлауалды партиялық тізімінің кем дегенде 30% -ын әйелдер құрауы  керек деп атап өткен болатын.

«Бүгінгі таңда әйел - ана, жұбай, қыз ғана емес, сонымен қатар, жұмысшы, қызметкер, басшы сияқты көптеген әлеуметтік рөлдерді де атқарып жүр. Мұндай фильмдер қыздарға батыл, сенімді болумен қатар, жақындарың мен өмір сүріп отырған қоғамдағы бейбітшілікті бағалай білудің маңыздылығын көрсетеді », - деді Динара Шайжүнісова. 1111

Диснейдің 6 жыл бұрын түсірілген үздік туындысы – «Мұзды өлке» фильмінің жалғасы қазірдің өзінде әлемдік прокатта ең көп қаржы жинаған өнімдер қатарына еніп отыр. Сыншылардың пікірінше, екінші фильмнің желісі күрделене түскен.

Өз кезегінде, дубляж командасындағылардың айтуынша, басты кейіпкердің рөліне лайықты актриса табу дубляж тарихында ең қиын және ұзақ жұмыс болған. Кастингте Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 40-тан астам актер қатысып, нәтижесінде басты кейіпкер Анна Назерке Серікболқызының, ал Эльза Бегімнұр Халиланың дауысымен «сөйледі».

BI Group құрылыс холдингінің өкілі Қайрат Шаяхметовтің айтуынша, компания әлеуметтік маңызы бар жобаларға ерекше мән береді. Сондықтан BI Group осындай маңызды жобаға ризашылықпен ат салысады.  

«Өзіңнен баста» жобасын аясында қазақ тіліне 33 голливуд кинокартина дубляждалды. Олардың ішінде «Көліктер 2», «Кек алушылар: Альтрон дəуірі», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин», т.б. фильмдер бар. Қазақ тілі түрік тілінен кейін дубляжда екінші түркі тілі болып тұр және "Walt Disney" компаниясының тарихында 39-шы; "Sony Pictures" үшін — 7-ші орында. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-да көруге арналған қолжетімді голливудтық фильмдердің 7 негізгі тілдер қатарына кірді.

«Өзіңнен баста» жобасының серіктесі - Ресей мен ТМД-дағы ең ірі ivi онлайн-кинотеатры, мұнда арнайы бөлімде қазақ тіліне дубляждалған голливудтық картиналарды көруге болады. 1111

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар