Шығыс Қазақстан облысында бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған ота жасалды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығының онколог дәрігерлері онкоурологияда роботтандырылған хирургияны енгізді. Өңірде ғана емес, Қазақстанда тұңғыш рет бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған ота жасалды.
"Роботтандырылған адреналэктомия 64 жастағы науқасқа жасалды. Ол оң жақ бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан. 40 минутқа созылған отаны дәрігер Хусан Өмірзақов пен оның ассистенттері Асқар Ибраев және Саян Сағидуллин жасады. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы қанағаттанарлық", – деп орталықтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Адреналэктомия – өте күрделі хирургиялық ота. Органның горманалды-белсенді ісіктері кезінде жасалады. Мұндай қатерлі ісік ішкі секреция мен зат алмасудың бұзылуына, гипертензияға және басқа да қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Ота кезінде безді органға жасалатын манипуляциялардың қыр-сырын білумен қатар, эндокринологиялық өзгерістердің ерекшеліктерін де жете білу қажет.
Пікір қалдыру