«Медикер-Көлсай» – Астанадағы жаңа медициналық орталық

/uploads/thumbnail/20170708151027711_small.jpg

«Бизнестіңжолкартасы 2020»: жекеменшік медицина кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын белсенді түрде игеріп жатыр.

 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – медицина саласын дамытудың тиімді механизмі

          Соңғы жылдары Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы өміршеңдігі мен бәсекеге қабілеттілігі жағынан серпінді дамып жатқанын көрсетіп келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл сала медицинада осы уақытқа дейін қалыптасқан емделушілерге бағытталған түрінен бүкіл әлем нарығының тәжірибесіне сай клиентке бағытталған түріне бірте-бірте көше бастағанын айтады. Еліміз тәуелсіздік алып, тарихтың жаңа дәуіріне аяқ басқалы бері жекеменшік медицина өз дамуының бірнеше кезеңінен, өз бетімен болған күйінен мемелкеттік-жекеменшік әріптестік сатысына дейін өтіп үлгерді. Дәл осы мемлекеттік-жекеменшік әріпсетік – мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара ықпалдасуының ең тиімді жолы болып қарастырылады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде экономиканың қай саласы болмасын мемлекет пен жекеменшік бизнестің өзара тығыз байланыста болып, ықпалдасуынсыз  дамыту мүмкін емес. «Бизнес мемлекеттік бағдарламаларға енгізілуі тиіс және денсаулық сақтау, білім беру, сервис салаларында кәсіпкерлік мемлекеттік мекемелермен қатар қызмет ұсынуы тиіс. Мемлекет денсаулық сақтау саласына жіті мән беріп, айтарлықтай қолдау көрсетеді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы болса кәсіпкерлікті тұрақты әрі үйлесімді түрде дамытуға жағдай жасайтын бірден-бір құрал. Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сай жүзеге асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бизнес-қауымдастық болса «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы ұсынып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысады. Айта кетерлігі, бизнес – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті әріптестіктің хұқығы мен еркін әрекет ету аясы кең, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру шарасында барлық тараптардың тең дәрежеде қатысатын жаңа үлгісі ретінде қабылдайды. Ал бұл өз кезегінде қоғам үшін қызмет ету дегенді білдіреді.

Қазақстандық экономиканың индустриялды-инновациялық түріне көшу ісі барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің өзекті әрі қажетті екені айдан анық. Оған қоса бұл инновациялық белсенділікті жоғарылатудың тиімді экономикалық саясатын құру және экономикалық, әлеуметтік инфрақұрылым дамуының ең басты талаптарының бірі.

 

 

«МЕДИКЕР» МЕДИЦИНАЛЫҚ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯСЫ

 

Түрлі жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар, тың бастамаларды қолға алып, өз күші мен мүмкіндіктеріне ғана сенетін компаниялар мемлекеттік бастамаларға қатысты оң көзқарас танытып, серіктестікке ынталы болып жүргені рас.

Жекеменшік медицина саласында «Медикер» ассистанс-компаниясын осылардың қатарына жатқызуға әбден болады. «Медикер» – қызметкер саны бойынша, ауқымдылығы жағынан, еліміздегі медициналық орталықтар саны жағынан және өзге де көрсеткіштер бойынша өз саласының көшбасшысы ретінде танылып үлгерді. Бүгінде «Медикер» қызмет аясын барынша кеңейтіп, оның жаңа бағыттарын игеріп жатыр.

Компанияның Алматы, Астана, Жаңаөзен, Өскемен, Кендірлі, Атырау қалаларында тоғыз медициналық орталығы бар.

2011 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша компания «Медикер-Атырау» көп профильді медициналық орталығын салып, оны іске қосу жобасын жүзеге асырды. Орталықтың ресми ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып,компания ұжымының жұмысына жоғары баға берген еді.

 

«МЕДИКЕР-КӨЛСАЙ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Бүгінгі таңда «Медикер» компаниясының клиент саны 200 мыңға жетіп отыр. Олардың азды-көпті бөлігі Астанада тұрады. «Медикер» Астанадағы ең алғашқы медициналық орталығын 2010 жылы ашқан еді. Ол қаланың іскерлік ауданының орталығында, ірі мұнай компанияларының кеңселері жанында орналасқан. Мұнда көрсетілетін медициналық қызмет түрлеріне сақтандырылған клиенттермен қатар Астана қаласы тұрғындары да, қонақтары да жүгіне алады.

Бірнеше жылдың ішінде компанияның клиент саны ұлғайып, кең көлемді қызмет көрсететін тағы бір орталық ашу қажеттілігі туындады.

Ашылу салтанаты

«Медикер-Көлсай» медициналық орталығының ресми ашылу салтанаты маусымның бесі күні өтті. Аталмыш шараға компания серіктестері, әріптестері және достары жиналды. Орталықты ашу құрметіне Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Кимқызы Сегізбаеваға, «ҚазмұнайГаз» АҚ аппарат жетекшісі Андарь Мәулешұлы Шұқпытовқа және «Медикер» компаниясының бас директоры Гүлжан Степанқызы Садырбаеваға берілді.

Салтанатты шара аясында Астана қ. денсаулық сақтау басқармасы мен «Медикер» компаниясы арасындағы ықпалдастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Компания басшылығы, дәрігерлері мен қызметкерлері тарапына жылы лебіздер мен бастаманың оң болуына айтылдаған ізгі тілектер көп болды.

«Медикер-Көлсай» жайлы

  «Медикер-Көлсай» медициналық орталығының орналасқан жерін компания басшылығы бекер таңдаған жоқ. Біріншіден, бұл қаланың іскерлік аймағы- сол жағалуға жақын жер, екіншіден, қоғалысы көп, тығыз аудандардан алшақ жатыр, салдарынан мұнда көлік кептелісі де болмайды, үшіншіден, бұл жердің ауасы да таза, орталық жанында көлік қоюға ыңғайлы автотұрақ та бар және ең бастысы – бұл ауданда орталыққа бәсеке болатын медициналық мекеме жоқ.

Аталмыш жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» негізінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты: «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» аясында қаржыландырылды. Бағдарламаның аталмыш бағыты –  экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Жобаны жүзеге асыруға қолғабыс көрсеткен – «Медикер» компаниясының көптен бері клиенті болып келе жатқан «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ. Екі тараптың ынтымақтастығы арқасында Көлсай тұрғын үй кешеніндегі ғимарат «Медикерге» жалға  берілген уақытта айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылды. Бұл «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-да көп жылдан бері қалыптасқан өз қызметкерлерінің денсаулығын күту қамқорлығы мен ұстанған саясатының  дәлелі.

Жобаның өз-өзін ақтау мерзімі 5-10 жылға шақталған, бұл медициналық бизнес саласындағы жаман көрсеткіш емес.

«Медикер-Көлсай» орталығында сапалы әрі уақытылы медициналық жәрдемге тек сақтандыру компанияларының клиенттері ғана емес, басқа да тұрғындар жүгіне алады.

Медициналық орталықты құрып, модернизациялау үшін ауқымды қаражат жұмсалды, оның басым бөлігі кешенді дүниежүзіне танымал өндірісшілер шығаратын заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге жаратылды. Мұндағы дәрігерлер ең жаңа, өте сезімтал сандық құралдармен, соңғы буындағы ультрадыбыстық  сканерлермен, лор-комбайндармен, стоматологиялық жабдықтармен тағы басқа керек-жарақтармен жұмыс істейді. Медициналық орталықта кешенді диагностикадан, амбулаториялық емдеуден өтуге болады.   

Қызметкерлері

Медицина саласында мамандардың тапшы болып жатқанына қарамастан жаңа медициналық орталықтың қызметкерлерін таңдау ісіне компания аса жауапкершілікпен қарады. Үміткерлер конкурс негізінде жұмысқа қабылданды. Нәтижесінде медициналық ортаолықта медицина ғылымдарының кандидаттары, тәжірибесі мол жоғары санатты дәрігерлер, мамандандырылған медбикелер тобы қызмет етеді.

Компанияның қызметкерлерді таңдау саясаты тағы бір тармақты қамтиды. «Медикер» өз кадрларын даярлау мақсатында медициналық жоғары оқу орындары студенттерін оқытады. Компания ауыртпашылығы көп аймақтарға тек Республика бойынша емес, Ресей Федерациясынан да маман жұмылдырады. Компанияның дәрігерлері Мәскеу, Санкт-Петербург және алыс шетелдерге барып кәсібін шыңдайды.   

Компания өз қызметкерлерін олардың сенімділігі үшін бағалайды. Олардың бастамаларын қолдап, кәсіби деңгейін көтеруге тұлға ретінде өсуіне жағдай жасауға тырысады.

Электронды амбулаторлық карта

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасына сай «Медикер-Көлсай» медициналық орталығында емделушінің электронды амбулаторлық картасы жүйесі енгізілген. Жуық арада аталмыш жүйе «Медикер» желісінің барлық тармағын қамтитын болады. Нәтижесінде емделушілердің ортақ базасы құрылмақ. Соның арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан медициналық орталықтардың қайсысында болса да, дәрігер емделушінің тарихын, зертханалық нәтижелерін, дәрігердің нұсқауларын, қабылдаған емдік шаралары жайлы толық ақпаратты ала алады. Дәрігердің сапалы емдік шара тағайындайтынына сенімді болуға негіз бар. Сонымен қатар, дәрігер қабылдауына жазылу шарасы да осы жүйе негізінде жүргізілмек. Бұл емделушілердің ағымын қадағалап ғана қоймай, жалпы медициналық қызмет сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

 

Медикер-Көлсай» медициналық орталығында түрлі профильдегі жоғары санатты мамандар қабылдау жүргізеді:

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-сенбі: 08.00- ден 20.00-ге дейін

Жексенбі: 08.00-ден 14.00-ге дейін

 

«Медикер» компаниясы жайлы

 

«Медикер» медициналық сервитсік компаниясы өз қызметін үш бағытта жүргізеді:

1.         Сақтандыру компанияларының клиенттеріне ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша індетке шалдыққан жағдайда медициналық қызмет көрсету;

2.         Мұнай, уран өндіру, теміржол саласы мекемелерінің шалғайдағы өндірістік насындары мен вахталық қалашықтарында медициналық қызмет көрсету жобаларын әзірлеу. 

3.         Сенімді басқаруға беру келісімінің шарттарына сай медициналық орталықтарды басқару

 

Бүгінгі таңда «Медикер» компаниясында 2300 адам қызмет етеді.  Компанияның Алматы, Астана, Атырау, Өскемен, Жаңаөзен, Кендірліде тоғыз медициналық орталығы бар. Үстіміздегі жылдың сәуір айында компания Астана қаласындағы «Мейірім» медициналық орталығын меншікке алды. Компания 2013-14 жылдары Ақтөбе, Павлодар, Жаңаөзен және Шымкент қалаларында жаңа медициналық орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Компания Ұлттық аккредитациялаудан екі рет өтіп, халықаралық беделді JCI аккредитациясына ие болу шараларын қолға алып жатыр. 

«Медикер» компаниясы Қазақстандағы ірі сақтандыру компанияларының барлығымен жұмыс істейді. «Медикер» серіктестері қатарында 420-дан астам медициналық мекеме бар. Олардың арасында – ғылыми орталықтар және зерттеу институттары, медициналық орталықтары, стоматологиялық клиникалар және дәріханалар бар. Компания шетелдік ассистанс-компаниялармен де, медициналық құрылымдармен байланыс орната отырып, халықаралық қатынас бағытын дамыту үстінде.

 

Елімізді үдемелі индустриялды дамыту бойынша құрып отырған мемлекеттің жоспарын қолдау арқылы «Медикер» компаниясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қарым-қатынас орнатуға 100% дайын. Компания өз тарапынан халықтың денсаулығын күтуге қатысты мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелерді шешу жолында үздік көрсеткішке қол жеткізе алатын, клиенттерге бағытталған сапалы әрі тиімді менеджментін ұсынады.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар