Пайызға тірелген терминал

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

«Beeline Қазақстан» өз абоненттерінің теңгерімін толтырудағы барлық мүмкіндіктерді дамытуға мүдделі. Жоғары бәсекелестік ортасында жұмыс істей отырып, компания шектес нарықтағы бәсекелестіктің дамуын қалайды, себебі бұл тұтынушыларға арналған ұсыныстың жақсаруына, нарықты сауықтыруға, өз клиенттері үшін күресуге дайын жандарды ынталандыруға әкеледі. 

Терминал бизнесі 2006 жылы жаңа бастау алған кезде «Beeline Қазақстан» терминал желісін белсене қолдаған және осы бағытта агенттік үстеме ақыны төлеу арқылы қаржыландыру көрсеткен жалғыз телекоммуникациялық оператор болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде бұл бизнес қарқынды дамып, өз аяғына нық тұрып кетті.

Бүгінгі таңда, барлық жерде орнатылған терминалдардың көмегімен әртүрлі салада көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге болады. Әрбір іске асырылған операция үшін төлем терминалдары абоненттерден төлем сомасынан  12% дейінгі деңгейде өтем ақы ұстап қалады. Айта кетер бір жайт, қазіргі кезде Қазақстанда 18 мың терминал жұмыс істейді, бір алаңқайда бірнеше терминалдың орналасуы да жиі кездесіп тұратын жағдай.

 

2008 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін «Beeline Қазақстан»  үстеме ақыны ақырын-ақырын жылына 1-2 есеге азайтып отырды. 2013 жылғы мамыр айында компания кезекті рет әріптестеріне үстеме ақының төмендегенін хабарлап, өзара ынтымақтастыққа тиімді ұсыныстардың жаңа қырларын ұсынды. Бірақ, бұл бастама кейбір төлем терминалдарының иелерінің-кәсіпкерлердің тарапынан елеулі түрде қарсылыққа ұшырады. Олар ұялы байланыс операторының беделін түсіру науқанды бастап, өндірісті өзгертуге кірісті және Beeline абоненттерін басқа ұялы байланыс операторларына ауысуға үндейтін жапсырмаларды таратуға әрекеттенді. Бұл жапсырмаларда  заңға қайшы келетін ақпараттар бар, себебі олар компания мен олардың әріптестерінің – төлем жүйелерінің арасындағы келісім шарттың бірнеше баптарына, сондай-ақ ҚР-дың бәсекелестікті қорғау заңнамасына  қарсы келеді. «Beeline Қазақстан»   70 шақты осындай оқиғаға куә болды, солардың ішінде тек 11 ғана қайталанып кездескен. Осы терминалдардың иелерімен жұмыс істейтін төлем жүйелері, терминал иелерінен «Beeline Қазақстан»  компаниясының есебіне ең кемі 90 күнге төлемдерді қабылдауды тоқтату туралы біздің компаниядан хабарлама алды.

Соған қарамастан, терминалдардың 80% абоненттерден төлемдерді қабылдайтын болады және Қазақстандағы  Beeline абоненттерінде өз теңгерімдерін қолма-қол төлемдерді қабылдайтын 35 000 нүктенің кез-келген бірінен толтыру мүмкіндігі бар, оған қоса абоненттер 24 000 астам сату нүктелерінің бірінен төлем карталарын ала алады немесе  банкоматтарды пайдаланып теңгерімдерін толтыра алады. Біздің клиенттеріміз өз бетінше қызмет ақысын үстеме ақымен және үстеме ақысыз төлеудің бірін таңдай алады.  Көп жағдайда «Beeline Қазақстан» веб-сайты арқылы және «Азбука Связи» салондары арқылы үстеме ақысыз төлеу мүмкіндігі пайдаланылуда. Компания өз абоненттеріне қызмет ақысын төлеуде - банктік және басқа да қаржылық төлем жүйелері, «Автотөлем» қызметтері, «Мобильді және Электронды Коммерция» мүмкіндіктері, «Мобильді ұсыныстар» т.с.с. жаңа мүмкіндіктерді аша отырып төлем арналарының дамуын қаржыландыруды жалғастыра бермек және дені  сау бәсекелестік ортаның дамуына ықпал етеді.

 

Айнұр Саттарова

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар