Филиппин президенті карантин ережесін бұзған кез келген адамды атуға бұйырды

/image/2020/04/03/crop-16_6_581x774_5a6170a5e1aaf1a6162d53b57bd9f6e5.jpg

Филиппин президенті Родриго Дутерте пандемия кезінде полицияға қиындық тудырған кез келген адам атылатынын айтты, деп жазады thesun.co.uk.

Дутерте сонымен қатар, коронавирус шектеуі кезінде медицина қызметкерлеріне кедергі жасайтын әр қандай әрекетке жол берілмейтінін атап өтті.

Филиппинде 2,311 адам вирус жұқтырған және 96 өлім тіркелген, бірақ елде инфекция күн сайын өсіп келеді.

Президент Дутерте теледидарда сөйлеген сөзінде барлық азаматтарды карантин тәртібін сақтауға шақырған.

– Жағдай күн санап нашарлай түсуде. Сондықтан мен сіздерге мәселенің маңызын және оны тыңдау керек екенін айтамын. Менің полицияға және әскери қызметкерлерге бұйрығым: егер біреулер қиындық туындатса немесе адамдар қарсыласып, полицияға қауіп төндірсе, оларды атыңдар. Түсінікті ме? Атыңдар. Қарсыласқандарды мен өзім жерлеймін, – деді Филиппин президенті.

Филиппин президентінің бұл сөзді пандемия кезінде бірнеше рет тәртіпсіздіктер туралы хабарламалар шыққаннан кейін айтылған.

Amnesty International халықаралық ұйымы Филиппин президентінің адам құқықтарына қайшы бұл сөздерін айыптады.

Филиппинде коронавирус шектеуі мен коменданттық сағат бұйрығына байланысты заң бұзушылықтар үшін 17 мыңнан астам адам қамауға алынған.

Оларға қатысты бірнеше сағат бойы ыстық күнде тұрғызып қою, иттерге арналған торларға қамау, таяққа жығу секілді жаза қолданылуы мүмкін.

Талғар Дәлелғазы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар