Калифорнияның Санта-Курс қаласындағы жағажайда акула шабуылынан бір адам қаза тапқан соң, жағажайды жауып тастады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Санта-Крустың Шериф департаментінің Facebook-тегі хабарламасы бойынша, қайтыс болған ер адам сағат 13:30 шамасында жағалаудан небәры 100 метр қашықтықта жүзіп жүрген.
"Акула шабуылынан кейін Бен Келли есімді зардап шегуші оқиға орнында қаза тапты" деп жарияланды.
Пікір қалдыру