Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай соғыс ардагерлеріне арнай төсбелгі берілді. Бұл туралы Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Мұхтарханқызы айтты.
– Ардагерлер кеңесі тарапынан 75-жылдық мерейтойға орай 450-ге жуық тыл ардагерге азық-түлік қорабы таратылды. Сонымен қатар 46-ардагерге арнайы төсбелгі және кішігірім марапатымызды тараттық. 7 мамыр күні Жетісу ауданы ардагерлер кеңесі, Алматы әкімдігі, "Нұр Отан" болып ардагерлердің үйін аралап, құттықтап шықтық. Ол кісілерге арнайы өзіміздің сый-сияпатымызды табыстадық, – деді Т. Мухтарханқызы.
Ол өз сөзінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үкімет тарапынан 1-млн қаржылай сыйақы берілгенін атап өтті.
– Үкімет тарапынан біздің әр ардагер 1-млн сыйақы алды. Одан кейін Елбасының бастамасы бойынша «Birgemiz» қоры оларға 50-мың теңге аударды. Былтыр 500 жүз мың таратқан болатын, биыл 1-млн берілді әрбір ардагерге, – деді ардагерлер кеңесінің төрайымы.
Пікір қалдыру