"Денар" тобы екінші бейнебаянын көрермен назарына ұсынды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қазақ сахнасында жеті жыл еңбек етіп, "Қара көйлек" әнімен танылған "Денар" тобы екінші бейнебаянын көрермен назарына ұсынды деп хабарлайды 31 телеарна. Қазақ эстрада жұлдыздарының басын қосып, бейнебаянның тұсаукесерін өткізген жігіттер,  шоу-бизнесті дамытуға өз үлесімізді қоспай қоймаймыз деген мақсат қойып отыр.

«Отаным» деп аталатын әнге түсірілген бейнебаян арқылы  тепсе темір үзетін қазақ жігіттерін  әскерге шақырып, жүректеріне Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру дейді "Денар" тобы. Сондай-ақ кеште топтың жаңартылған құрамы ресми түрде таныстырылып, өнерде жүрген аға-әпкелері сәттілік тілеп, баталарын берді. Алдағы уақытта аталмыш топ,  рок-н-рол, твист  бағытында да ән шырқап, тыңдармандарын қуантуды көздеп отыр.

Қатысты Мақалалар