Қазақстандағы теңге девальвациясы мен ашық вальюталық дәлізге көшуіне қатысты қазақстандық ортада қызу пікір талас туындағаны туралы осыған дейін жазған болатынбыз. Жаңа экономикалық саясатты енгізген алғашқы күннің өзінде теңгенің құнсыздануын – ЕАЭО және КО аясындағы жаңа ортақ вальютаға ауысу туралы сыбыстың расқа айнала бастағанына телігендер жоқ емес.
Қазақстандағы теңге құнсыздануына қатысты ресейлік басылымдар да жарыса жазуда. Мысалы, ресейлік www.gazeta.ru сайтында «девальвация додасына Қазақстан да қосылды» (Казахстан вступил в гонку девальваций) атты мақала жарық көрген. Ресейлік басылымның Қазақстандағы девальвацияға қатысты ой орамдарын назардарыңызға ұсынамыз.
Қазақстан инфляциялық-тергеттік режимге көшті. Жаңа экономикалық жүйені енгізген алғышқы күні-ақ теңгенің долларға шаққандағы бағамы 26 пайызға құлдырады. Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, қазір Қазақстан үшін жаңа жүйеге көшу үшін қолайлы болмағанымен, әлемдік дағдарыс алқымнан алуда дейді.
«Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған шешім «Атамекен» ұлттық палатасы экспортерлерінің өтініші бойынша жасалған. Теңгенің құнсыздануы бәсекеге қабілеттілікті арттырады және Қазақстан экономикасында рецессияға жол бермеуге ықпал етеді»,-дейді Қазақстан Президенті Н. Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, «біз салымшыларға өз теңгелерін вальютаға айырбастауға мүмкіндік берген болатынбыз, үлгергендері Ресейден арзан тауарлар алды»,-дейді.
Былтырғы жылы Ресейдегі «Центробанк» вальюта дәлізін алып тастағанда рубль күрт құлдырады. 1 қазан мен 24 желтоқсан аралығында әзірбайжан манаты – 38,3, армян драмы – 22,8, қазақ теңгесі – 38,4, қырғыз сомы – 28,2, молдован лейі – 26,1, тәжік сомониі – 35, түркімен манаты – 28,5, өзбек сумы – 35,6 пайызға қымбаттаған. Ол кезде көрші мемлекеттің азаматтары Ресейге арзан тауарлар үшін келген болатын.
Шілденің ортасында Қазақстанның Ұлттық банкі вальюта дәлізін кеңейтіп, мұнай бағасының төмендеуі себебі доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 170-тен 188-ге көтерген еді. Ал сәрсенбі күні 19 тамызда теңге девальвациясы күрт жылдамдық алды. Қазақстандықтар жаппай вальюта сатып алуға көшкен еді. Сол уақытта ақша айырбастау пунктерінің біразы жабылып қалса, енді бір бөлігі вальюта курсын бірнеше мәрте ауыстырған.
«Бұл девальвация емес – еркін вальюталық жүйеге көшу. Бұл жағдайда нарық вальюта бағамын өздері қалап қояды»,-дейді Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Қазақстандық заңнамалар бойынша жергілікті айырбас пункттері жүйе жарияланған күні курсты көтеруге тыйым салынған. Кеше курсты көтергендердің барлығы тіркеуге алынды. Олардың барлығы жазаланатын болады. Мұндай процесстер кез келген ммлекетте болатын қалыпты жағдай»,-деген Келімбетов мырза.
Соңғы уақыттарда орын алған девальвация осымен екінші мәрте тіркелген. Девальвацияның бірінші толқыны былтырғы жылы ақпанда болған. Теңгенің одан әрі құлдырауын кезектен тыс Президент сайлауы құтқарған еді.
Қазақстандағы қаржы жүйесі өз кезегінде Ресейдегі ситуациялардың көшірмесі секілді көрінеді. Екі мемлекетте де нарықты бақылауда қолданылатын амалдар бірдей.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Астана үшін қазір жаңа жүйеге көшу тым қолайлы уақыт емес. Бірақ, Ресей мен Қытайдағы девальвациядан кейін оның өзге таңдауы қалмаған.
Ресейлік сарапшы Иван Копейкиннің пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының төмендеуі қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілетсіздігін көрсетті. Ал билік теңге бағамын құлдырату арқылы бұл қателікті түзетуге кіріскен секілді дейді.
Станислав Клещев, ресейлік экономист: - Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының үздіксіз құлдырауы – Астанаға таңдау қалдырмады. Қазақстанның негізгі бюджетінің 80 пайызы мұнай-газ секторы арқылы қамтамасыз етіледі.
Артем Деев, AMarkets сараптама орталығының жетекшісі, ресейлік сарапшы: - Қазір әлемде саналы түрле девальвация жасап отырған жалғыз мемлекет Қазақстан емес. Ендігі жерде ЕАЭО елдерінің бірінде девальвация салқыны сезіле бастауы мүмкін.
Аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы
Пікір қалдыру