Экспорттық тауарлар бағасының болжауға келмейтіндігі Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының маңыздылығын арттырып отыр. Бұл импортты алмастырудың қажеттілігіне байланысты. Себебі азық-түлік импорты жылдан-жылға артып, сонымен қатар экспортқа бағдарлау арқылы қазынаны толықтыруға өз септігін тигізіп келеді.
«Мемлекеттің басты бағдарламаларына агроөнеркәсіпті дамыту бағыты енген елдің экономикасында ауыл шаруашылығына көңіл бөлу басымдыққа ие болып қала береді. Бірақ, өндірістің өсуіне қарамастан, ескірген технологиялар мен жабдықтардың салдарынан салада еңбек өнімділігінің төмен екені де байқалған. Мұның бір себебі – қаржыландырудың болмауы. Реттеуші себептерге байланысты банктер секторды толық көлемде қаржыландыра алмайды, сондықтан мемлекеттің АӨК-ті қолдауы басты рөл атқарады», - дейді қаржыгер Расул Рысмамбетов.
«Өкінішке қарай, коммерциялық банктер экономиканың ерекшеліктеріне және кадрлардың ауысуына байланысты ауыл шаруашылығының нақты салаларында сараптамалық көрсеткіштер жинай алмайды», - дейді ол.
Саланы қолдаудың ең ірі институты – «ҚазАгро » ҰБХ еншілік компаниясы. Аграрлық несие корпорациясы (АНК), Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және ҚазАгроҚаржы ақшаны агроөнеркәсіпке құяды. Тек 2019 жылы холдинг АӨК субъектілерін 477 млрд теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде ауыл шаруашылығын несиелендіруге және ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 448 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Бұл қаражаттың басым бөлігі 2001 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстанның агроөнеркәсібіне 1,28 трлн теңге несие берген. Барлығы да АНК арқылы бөлінген. 2020 жылдың шілдесінің басында АНК-ның несие қоржыны 570,2 млрд теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 22%-ға артық.
«Жеңілдетілген қарыздар есебінен АӨК субъектілері жаңа өндірістер құрып, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырта алады. Мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға мүмкіндігі бар», - дейді Рысмамбетов.
АНК портфелінде тікелей несие беру 2019 жылы бар болғаны 44%-ды құраған. Қалғаны банктердің, МҚҰ-ның, кредиттік серіктестіктерді және лизингтік компанияларды қаржыландырудың үлесіне тиесілі. 2026 жылға қарай АНК тек қаржыландырумен ғана айналысып, тікелей несие беруден алшақтауды жоспарлап отыр. Қарыз алушыларға кепілдікке қойылатын талаптар ЕДБ-ге қарағанда анағұрлым үнемді және фермерлер мүлкінің өтімділігін ескере алады.
Мысалы, АНК агроөнеркәсіппен айналысатындарға несие серіктестіктері арқылы жылдық 9%-дан аспайтын мөлшерлемемен несие береді. Фермерлердің бірлестіктері жылдық 6%-бен қарыз алса, ал көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жылдық 5%-бен қаржыландырады. Ұлттық қор есебінен инвестициялық жобалар 8%-дан несиелендіріледі.
2020 жылы, оның ішінде даму институтарының жұмысының нәтижесінде АӨК жалпы өндірісті 5%-ға, яғни, 2,4 трлн теңгеге дейін көтерді.
Пікір қалдыру