Қазақстан жаһандық GIGA бастамасын Орталық Азияда кеңейтуге жетекшілік етеді. Еліміз сандық қашықтықты жоюдың негізін қаламақ.
2020 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Үкіметі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Халықаралық электр байланысы одағы (ITО) GIGA, ЮНИСЕФ-ХЭО жаһандық бастамасы арқылы әр мектепті интернетке қосу және жастарды ақпарат пен жаңа мүмкіндіктерге қосу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге келді.
GIGA 2019 жылы енгізілген болатын. Бастама әлемдегі барлық мектептердің байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Әлемде 3,7 миллиардқа жуық адам Интернетке қол жеткізе алмайды, оның 360 миллионы – жастар. Интернетке қол жетімділіктің болмауы көптеген ақпаратқа, оқуға арналған ресурстарға қол жетімділікті шектейді, осал топтағы балалар мен жастарды өсу және өз мүмкіндіктерін іске асыру мүмкіндіктерінен айырады. Сандық қашықтықты жою әлемдік ынтымақтастықты нығайтуды, қаржы мен технология саласындағы көшбасшылар мен инновацияларды біріктіруді қажет етеді.
Дарын Тұяқов, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
– ЮНИСЕФ-ITО-GIGA бірлескен жаһандық бастамасы білім берудегі қала мен ауыл арасындағы сандық қашықтықты азайтуға бағытталған. Бұл жерде шалғай ауылдарды Интернетке кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету біздің министрліктің жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өту маңызды. Бұл үшін біз бірнеше жылдан бері байланыс операторлары ауылдарға мыңдаған шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартатын жобаны жүзеге асырып келеміз. Осылайша, тек осы жоба аясында біз 446 ауыл мектебіне жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткіздік, ал биылғы жылдың соңына дейін осындай 1342 мектеп болады. Сондықтан, бұл жобаны қолдау – бұл біз үшін Қазақстанның ауыл мектеп оқушыларының онлайн-білім ресурстарына қол жетімділігін одан әрі кеңейту жолындағы толықтай қажетті қадам, – дейді.
АКТ статистикасының ресми қайнар көзі Қазақстан халқының 80 пайызға жуығы интернетті пайдаланады, ал аймақта бұл көрсеткіш Түркіменстанда 21 пайыздан, Өзбекстанда 52 пайызға дейін жетеді. Қазақстан ТМД аймағында кең жолақты байланыс деңгейіне ие. Сондай-ақ, бұл ел компьютерлерге қол жеткізу және интернет желісін пайдалану бойынша аймақтық көшбасшы болып табылады, бұл тіркелген кең жолақты жоспарлары бар барлық ТМД елдерінің бір гигабайтына ең төменгі бағаны ұсынады.
Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі:
– Қазақстандық үкіметпен серіктестік біздің GIGA-ны іске асырудағы жеделдетуіміздің ажырамас бөлігі болып табылады – жаһандық іске қосудың осы бірінші кезеңіндегі жетекші ел ретінде Қазақстан жаңа қаржыландыру модельдеріне, серіктестерге және цифрлық құралдарға негіз қалады, және сайып келгенде барлық жастар үшін мүмкіндіктер мен таңдау жағдайын жасап отыр. Бұл жұмыс Орталық Азиядағы және бүкіл әлемдегі цифрлық қашықтықты жою үшін өте маңызды, – дейді.
Дорин Богдан-Мартин, ХЭО Телекоммуникацияларды дамыту бюросының директоры:
– ЮНИСЕФ-пен бірге өткізілетін бұл қызықты ITО жаңа жобасы менің жастарға мүмкіндік берудің өмірлік қажеттілігіне деген сенімділігімнен туындайды. Қазақстанның мектептерді байланыстыруға деген ұмтылысы – үкіметтің маңызды және ауқымды шешімдерінің бірі, өйткені қазіргі жастар цифрлық прогрестің келесі толқынына жетекшілік етеді. Сонымен қатар, GIGA жобасы ITО Communication 2030 күн тәртібіне өз үлесін қосады, ол, басқалармен қатар, цифрлық қашықтықты жоюға және кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған, – деді.
GIGA нені білдіреді?
GIGA-да төрт негізгі тірек бар: әр мектептің әлемін картаға түсіру, байланыстыруға деген сұранысты біріктіретін, әр мектепті байланыстыратын және жастардың дағдыларын дамытатын жалпы тарифті қаржыландыру.
GIGA бастамасы Қазақстанның цифрландыру және байланыс саласындағы көзқарасын, елдің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге деген ұмтылысын және БҰҰ Бас хатшысының цифрлық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгей тобының 1А және 1В тұжырымдарын қайталайды, онда 2030 жылға қарай әрбір ересек адамда қол жетімді бағамен цифрлық желілерге қол жеткізу болуы керек және «БҰҰ-мен сандық қоғамдық тауарлармен алмасу алаңын құруға көп мүдделі одаққа шақырады» делінген.
Қол қою цифрландырудың жаһандық тенденцияларын талқылау, цифрлық трансформациялар саласындағы тәжірибе алмасу және аймақтық ынтымақтастықтың ортақ тәсілдерін әзірлеу үшін мемлекеттік қызметкерлер, жетекші көшбасшылар, халықаралық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосқан «Цифрлық Алматы» халықаралық форумы аясында өтті.
Digital Almaty Forum-да талқылау барысында қатысушылар GIGA бастамасын іске асыру және оны бүкіл аймаққа кеңейту мәселелерін талқылады. ЮНИСЕФ пен ХЭО техникалық және сараптамалық қолдауды, соның ішінде инфрақұрылымдық инвестициялар мен әділ қамтуды қамтамасыз ету үшін серіктестіктермен қаржыландырудың деңгейлік моделін жасауды ұсынады.
Еркежан Арын
Пікір қалдыру