Патшаны сынаған белсендіні шыбықпен сабайтын болды

/uploads/thumbnail/20170708151059896_small.jpg

Сауд Арабиясының саяси белсендісі Омар әл-Саид патшаны сынаған үшін жазаланатын болды. Сот оны төрт жылға қамап, арқасынан 300 рет шыбықпен ұруға үкім шығарып отыр деп хабарлады Reuters. 

046be45ddfabfc2d8d2b81e6572c395a

Елдегі азаматтық және саяси құқықтар ассоциациясы өкілдерінің хабарлауынша, әл-Саид абсолютті монархияға шектеу қою керек деген үндеу таратқан. Ал, бұған дейін патшалар әулеті адам құқықтарының сақталуына кедергі келтіруде деп сынаған екен. Сот кезінде айыпталушының қорғаушысы болмапты. Айта кетейік, биылғы жылы аталмыш ассоциацияның төрт мүшесі түрмеге жабылып отыр. Ал, құқық қорғаушылар болса елде 30 мыңнан астам саяси тұтқынның бар екендігін мәлімдеп отыр. Сауд Арабиясының басқару жүйесі абсолютті монархия болып табылады. Патша Абдулла үкімет мүшелерін өзі тағайындап, қызметтен өзі босатады. Министрлердің барлығы дерлік патшаның туыстары екендігін айта кету керек. 

Дереккөз: baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар