Қарағандыда ер адамның денесі табылды

/image/2021/02/27/crop-23_13_433x577_04aad6dc-a60d-4c1c-b636-a9eb09cfa46f.jpeg

Қарағанды облысында ер адамның денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 ақпан күні Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адам жоғалғаны туралы ақпарат түскен. Содан тұрғынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полиция және әкімдік қызметкерлері іздеген.

Оқиға 25 ақпан күні болған. 60 жастағы ер адам күндіз үйнен шығып, оралмаған. Кейіннен 26 ақпан күні 17:15-те жедел іздестіру тобы ер адамның денесін тапқан.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар