Facebook қоғам алаңдаушылығынан кейін автоматты түрде бет-әлпетті тану жүйесін өшірмек.
Facebook-тің жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Джером Песенти блог жазбасында "бет-әлпетті тану технологиясын шектеу орынды" деп санайтынын жариялады.
Осылайша, әлемдегі ең ірі әлеуметтік медиа платформа бет-әлпетті тану функциясын алып тастау туралы шешімге келген. Facebook соңғы бірнеше жылда технологияларды пайдалану этикасына қатысты көптеген сынға іліккен.
Сыншылардың пікірінше, бөлшек саудагерлер, ауруханалар және қауіпсіздік мақсатындағы басқа да кәсіпорындар арасында тұлғаны тану технологиясы жеке өмірге нұқсан келтіруі мүмкін және маргиналды топтарға бағытталуы ықтимал. Сонымен қатар интрузивті бақылауға алып келуі мүмкін.
IBM бетті тану өнімдерін сатуды біржола тоқтатты, ал Microsoft және Amazon.com Inc бұл технологияны полицияға сатып беруді белгісіз мерзімге тоқтатқан.
Пікір қалдыру