Экономика министрі: Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттайды

    Айзада Бидан
    Экономика министрі: Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттайды Фото: Ашық дереккөз

    Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік қымбатшылығына байланысты пікір білдірді.  

    – Бағаның өсуіне қатысты айтатын болсам, маусымдық өзгерістер болуы мүмкін. Желтоқсан айында мереке күндері азық-түлік бағасы көтерілетінін бәріміз жақсы білеміз. Біз бәріміз жаңа жылға дайындалып жатырмыз, бағалар үнемі өсіп келеді. Бәрінен бұрын азық-түлік қымбаттайды, –  деді Әсет Ерғалиев мәжіліс кулуарында.

    Сондай-ақ министр қазір дүкенде нан мен картоп қанша тұратынын және өзі азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты. 

    – Нан 130 теңге тұрады, түріне байланысты. Картоп 425 теңге шамасында. Азық-түлікке айына 50-60 мың теңге жұмсаймыз. Барлық отбасылар сияқты қант, ұн, сүт аламыз, –  деді ол.

    Қазақстанда қымбатшылық салдарынан тапқан табысты тұтыну тауарларына жұмсау көрсеткіші алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір өскен.

    Қамшы тілшісіне тұрғындар айлығының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайтынын, қымбатшылық салдарынан айлығы жетпейтінін айтқан.

    Қатысты Мақалалар