Сәйкес кезеңдегі шығын жылына 19,5 пайызға өсіп, 9,7 трлн теңгеге жеткен. Табыс пен шығын айырмашылығы 188,1 млрд теңгені құрап, сальдо оң мәнге ие болып отыр. Былтыр айырмашылық 895,6 млрд теңгеге дейін жетіп, теріс сальдо көрсеткен.
Жарты жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысының 24 пайызы (2,3 трлн тг) білім саласына жұмсалған. 22,5 пайызы (2,1 трлн тг) әлеуметтік қамту саласының үлесіне тиеді. Денсаулық сақтау саласы шығынның 10 пайызын (977,6 млрд тг) алады.
Бір жыл ішінде шығыны артқан салалар көшін қорғаныс саласы бастап тұр. Жарты жылда бұл салаға 486,4 млрд жұмсалған. Аталған цифрлар былтырғы шығынға қарағанда 38,9 пайызға жоғары.
Бюджет түсімінің 72 пайызын (7,2 трлн тг) салық түсімдері құрайды. Бұл – былтырғыдан 46,8 пайызға көп.
Трансферттен түскен пайда 2,4 трлн теңгені, салықтық емес түсімдер 214,6 млрд теңгені, негізгі капиталды сатудан түскен пайда 110 млрд теңгені құраған.
Пікір қалдыру