Қазгидромет күзде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді

/image/2022/08/16/crop-20_110_653x1162_4fa70c433e1a37feb722f1204da8c6eb.jpg

Қазгидромет 2022 жылдың күзіне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2°-қа нормадан жоғары болады.

Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында – норма шегінде жылы болады деп болжануда.

Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады деп күтіліп отыр. Көбінесе құрғақ болады.

Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын – климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар