Қазақстан мен Қытайдың "орысша келісімі" несімен қауіпті?

/image/2023/09/29/crop-0_58_2293x4077_img_20230929_131401-01.jpeg

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа жетті.

Бұл келісім  әлеуметтік желілер мен қандастар арасында әртүрлі пікір тудырып отыр.  Көпті алаңдатқан осы мәселерге байланысты төмендегі бірнеше сұраққа нақты жауап берулеріңізді сұраймыз.

  1. Жоғарыда аталған Заң негізінде Тәуелсіздіктен кейін Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың мәліметі Қытай тарапы сұраныс жіберген жағдайда оларға беріле ме? Қытай тарапы әлдеқашан азаматтық алған қандастарымызды қажет болса, осы Заңға сүйеніп, «бұрын Қытай азаматы болды» деген желеумен кері қайтарып алуға құқылы» деген әңгімелер қаншалықты шындыққа жанасады?
  2. Қытайдан келіп, азаматтыққа құжат тапсырған қандастарымыздың мәліметі олар азаматтық алмай тұрғанда-ақ Қытай тарапына беріле ме? Олардың Қазақстан азаматтығын алу, алмауына Қытай тарапы осы Заң негізінде тікелей әсер ете алады деген қаншалықты рас? Яғни Атажұртқа келіп, азаматтық алғысы келген қандастарымыздың тағдырын Қытай тарапы шеше ме? 
  3. Бұл Заң біздің елімізге қаншалықты тиімді? Қытайға көшіп, сол елдің азаматтығын алған қазақстандықтар көп пе? Қытай тарапы Қазақстанға тиімді қандай ақпараттар беруі мүмкін? Екі ел арасындағы көші-қон тек бір жақты ғана, Қытайдан келушілер ғана бар, Қытайға барып, азаматтық алып, сонда қоныстанып қалып жатқан қазақстандықтар жоқтың қасы деген мәлімет бар. Дәл қазіргі уақытта қанша қазақстандықтың Қытайға қоныс аударып, азаматтық алып, тұрақты тұрып жатқаны туралы анық ақпарат бар ма?
  4. Тәуелсіздіктен кейін Қытай елінен Қазақстанға оралған қандастарымыздың саны қанша? Азаматтық алған, уақытша тұрып жатқан этникалық қытайлардың нақты саны қанша?
  5. Осы келісім арқылы Қытайдан оралып, азаматтық алған қандастарымыздың бұрынғыдай «Тұрақты тіркеуін өшіру», «Қытай паспортын қиғызу» дейтін әурешіліктен құтылатыны рас па? Яғни Қазақстан азаматтығын алғаны туралы ақпарат Қытай тарапына жеткен күні ол елдің азаматтығынан, тұрақты тіркеуден де автоматты түрде шығарылатыны осы Заңда қарастырылған ба?
  6. Егер осы Заң Қытайдан келетін қандастарымыздың Қазақстан азаматтығын алуына кедергі келтіріп, тіпті жеке бас амандықтары үшін қандайда бір қауіп төндірсе осы Заңды ұсынған немесе қабылдаған құзіретті орындар жауапкершілікті арқалауға дайын ба? Егер дайын болмаса жалпыхалықтық талқылауға салып, жұрт пікірімен санасуды неге ойлаймаймыз?  
  7. Заң мәтініне байланысты «Мәтіндер арасында алшақтық болған жағдайда орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие болады» дейтін сөйлемді қалай түсінуге болады? Сонда Қытай мен Қазақстан арасындағы, негізінен қандастарымыздың тағдырына қатысты Заңға орыс тілі негіз бола ма? Екі ел арасындағы мемлекеттік келісім-шарттар қай тілдерде жасалады?

 "Қамшы" порталы осы сұрақтарды құзырлы орындарға жіберіп, ресми жауап күтетін болады. Тиісті министрліктерден келген жауаптарды дер уақытында оқырман назарына ұсынатын боламыз.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар