«Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қаскөйдің осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров.
Ұсталған адам өз кінәсін мойындағаны да нақтыланады.
Пікір қалдыру