Шала қазақтар қалай сөйлейді?

/image/2024/03/11/crop-16_7_657x1169_20240208033535122_big.jpg

     Ауыз екі тілдеріне сөздердің әріптерін, буындарын, сөзаралық сөздерін түсіріп айту (бошы, сашы, қайтан, енше, жейтін бар ма?), сөз соңына шала тілдік жалғауларды жалғап сөйлеу (баруын керек-пін, керек-ті, бардым-шы), етістік сөздерді жалғаусыз айту (ағам, қағам), жат тілдік сөздерді бұрмалап қолдану (гдесін, вторникте кесей, занит па, бәтір нан), тілдеріндегі сөздік қордың тапшылығынан сөзбен сөздің арасын боқтық сөздермен байланыстырып отыру сияқты ауызша айтылатын түрлері жатады.

     Жоғарыда келтірілген шала тілдік сөздердің дұрыс айтылу (жазылу) үлгілері:
Болшы, салшы, қайтадан, ендеше, жейтін тамақ бар ма, баруым керек, алдым (алғанмын), қалдым (қалғанмын), қайдасың, сейсенбі күні кел, бос емес пе, қуырылған (кептірілген) нан (өзбекше: Потир нан), қарма нан (өзб-е: Тондир нан). Әдеби тілдеріне жазу үлгісіндегі дүниелер кіреді. Шала тілдік сөздермен жазылған мақалалар, шала тілдік көркем шығармалар, шала тілдік ғылымдық еңбексымақтар, шала тілдік сөздіктер, басқа ұлттардың тілдерінен сөзбе-сөз шала қазақша аударылған немесе жат тілдік сөздердің соңына қазақша, шала қазақша жалғаулар жалғанған сөздер мен сөйлемдер кіреді. Шала қазақтардың «әдеби» тілдеріндегі күрделі сөйлемдерінің арасында, жай сөйлемдеріндегі сөзбен сөзді байланыстырып тұратын жалғауларының болмайтыны сияқты, сөйлем мен сөйлемнің арасын байланыстырып отыратын сөйлемаралық жалғаулары болмайды. Бір сөйлемге екінші сөйлемді жалғаусыз тіркестіре салу, сонымен бірге сөйлем ішіндегі кез-келген сөзді атау сөз болмаса да, бас әріппен бастап жаза беру, ережесіз тілдегі қалыпты жағдайлар.

     Мысалы: а) Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік коорпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Сорбұлақ ауданы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталығы» Департаментінің Сорбұлақ аудандық бөлімшесі.
     ә) 29-31.07.22. Алматы обл. Нөсер жауын күтілуде, 15-20 m/s дейін желдін ұйтқу қатері күтілуде, күн күркіреп, бұршақ жаууы күтілуде. Дұрысы: Шілде айының 29-нан – 31-не дейінгі аралығында, Алматы обылысында секұнтына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел тұрады (соғады). Күн бұлттанып, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Енді тілді бұзу әрекеттерінің қандай жолдармен орын алғанын жеке-жеке көрсетіп, кейбіреуіне тоқтала кетейік.
1. Тіл ережелерінің бұрмалануы;
2. Оқу орындарына шала тілді адамдардың ұстаздық етуге қабылдануы;
3. Оқулық кітаптардың шала қазақ тілінің сөздерімен құрастырылуы;
4. Шала қазақша сөздердің баспасөз беттері арқылы таралуы;
5. Білім беру саласына (мектептерде) тез оқыту әдісінің енгізілуі;
6. Қоғамдық (қалалық) жолаушыларды тасымалдау (шала қазақша: Жолаушылар тасымалы) көліктерін жүргізетін адамдардың арасында шала тілді жүргізушілердің көп болуы;
7. Орыс класында оқитын оқушылар мен қазақ класында оқитын оқушылардың бір мектептің ішінде қатар оқытылуы;
8. Тіл саласына жауапты үлкен мекеменің өзінен көптомдық (қазақша-орысша, орысша-қазақша) шала тілдік сөздіктердің құрастырылып шығарылуы және олардың әртүрлі жолдармен елге таратылуы;
9. Шала қазақ әншілердің мағынасыз сөздерден тұратын әндерді (әуендері өзбекше) елдің құлағына сіңіруі, әртістердің тұрсай, қойсай деп шала қазақ тілінде ел алдында өнер көрсетуі, шала қазақ тілінде түсірілген кинолардың (шала қазақша: Түсірілімдердің) елге ұсынылуы (Келинка, Аташка т.б), радио-телеарналардан әртүрлі хабарларды жүргізетін жастардың тілдеріне бұзылған сөздерді араластырып сөйлеуі, суырып салма айтысушы
ақындардың (шала қазақша: Айтыскер) бір-бірімен айтысып отырғанда Бақош, Сақош, ап кеттік, қап кеттік сияқты шала қазақ тілінің сөздерін қолдануы, осының бәрі тіларалық бұзылған тілдің ел арасына тез жайылып, қазақ тілінің бұзылған шала тілге айналып кетуіне ықпал еткен жағдайлар. (Шала қазақша: Жағдаяттар). Осылардың ішінен…
(Жалғасы бар)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар