Балаларға зиян бояғыш бар: Қырғызстанда ауғанстандық газдалған анар сусынына тыйым салынып жатыр

/image/2024/07/04/crop-25_13_147x262_bez-nazvaniya.jpg

Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен. Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.

Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген. Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар