Дәмханаларда даяшы қызметі үшін төленетін процентке тыйым салынуы мүмкін

/image/2024/09/05/crop-21_21_765x1144_tumblr_inline_o1hktewvht1tcrvl6_1280.jpg

Енді еліміздегі дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін келушілерден 10 пайыздық төлем алуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. 

"Егер сізге қызмет көрсетіліп жатса, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдауға дайын деп айта алмаймыз. Бірақ осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты"- деді министр. 

Сонымен қатар, Шаққалиев қазіргі уақытта тиісті ережелер талқыланып жатқанын хабарлады. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар