Өзбекстан президентінің қызы әкімшілік басшылығына тағайындалды

/uploads/thumbnail/20250624122039649_big.webp

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

"Президент әкімшілігінің құрылымына өзгерістер енгізілді. Президент әкімшілігінің басшысы деген жаңа лауазым енгізілді. Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен Саида Шавкатовна Мирзиёева осы қызметке тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, мемлекет басшысы бұдан бөлек бірнеше кадрлық өзгерістер жасаған.

Саида Мирзиёева бұған дейін — 2023 жылғы 25 тамыздан бері — президенттің көмекшісі қызметін атқарып келген. Қазіргі таңда ол 40 жаста және Шавкат Мирзиёевтің тұңғыш қызы болып табылады.

БАҚ деректеріне сәйкес, президенттің кіші қызы Шахноза Мирзиёева да мемлекеттік қызметте. Ол — Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі директорының бірінші орынбасары. Жақында ғана Шахноза Мирзиёева Республикалық Паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланған. Президенттің тағы бір баласы — ұлы Миралишер Мирзиёев туралы көп ақпарат жоқ.

Қатысты Мақалалар