"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын Даниал Ахметовтың күйеу баласы Ерлан Қойшыбаев уақытша басқаратын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.
- Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев компания басшысының міндетін уақытша атқарады, делінген ҚТЖ-ның ресми жауабында.
Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ-ны басқарған Нұрлан Сауранбаев мемлекет басшысының жарлығымен көлік министрі лауазымына тағайындалған болатын.
Ерлан Қойшыбаев – Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы Аделия Ахметованың күйеуі. Ал Даниал Ахметов болса 2014-2023 жыл аралығын аталған өңірді 10 жылға жуық уақыт басқарды.