Қазақстандағы адам саудасы туралы не білеміз?

/uploads/thumbnail/20250708131048593_big.webp

Соңғы статистикалық дерек бойынша Алматы қаласында адам саудасына қатысты 2 жағдай тіркеліп, қылмыскерлер ұсталды. Сондай-ақ полиция ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылуына байланысты 10 фактінің зерттеуде екенін хабарлаған болатын. 

Жалпы биыл Қазақстанда адам саудасына байланысты 78 жағдай тіркелген. Жыл сайын ІІМ адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыстық істі тіркейді, 50-ге дейін жәбірленуші анықталады. Соңғы үш жылда бес қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, азаматтарды Индонезияға, Бахрейнге, БАӘ-ге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға ұрлап әкетуге тосқауыл қойылды.

Жақын арада Алматы қаласында Алматы қаласы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚК департаментінің қызметкерлері жаңа туған нәрестелер саудасымен айналысатын қылмыстық топты құрықтады. Тергеу деректерінде аталған қылмыстық топтың бірнеше жыл бойы әлеуметтік желі арқылы заңсыз әрекетін жалғастырып келгені көрсетілген.

Адам саудасы дегеніміз не? Әрине мұндай сауда түрі ашық түрде жасалмайды. Бірінші әлеуметтік жағдайы төмен азаматқа үлкен мүмкіндік пен ақша ұсынылады. Кейін оны бопсалап, мәжбүрлі түрде жұмысқа жеге бастайды. Бұл сауда негізінен біздің көз алдымызда болып жатуы да мүмкін. Мысалы көшеде қайыр сұрап жүрген балалар мен ересек жандар кез келген уақытта адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтың құрбанына айналуы мүмкін. Себебі мұндай азаматтардың көбіне сұраушысы, іздеушісі болмайды. Бұдан бөлек отбасын асырау үшін кез келген жұмысқа келісетін әрі көбірек ақша табуға асығатын әйелдер мен ер азаматтар адам саудасының негізгі құрбаны болып табылады.

Адамдар құлдыққа қалай түседі?

Әлемнің барлық елдерін адам саудасының құрбандары үшін шыққан, транзиттік және баратын ел деп бірнеше топқа бөлуге болады:

·       Баратын ел – жәбірленуші жіберілетін орын.

·       Транзит – уақытша ұстау орны.

·       Шығарылған ел – адамдарды одан әрі пайдалану үшін алып кететін орын.

Қазақстан – Орталық Азия елдерінен келген құрбандар үшін баратын және транзит жасайтын ел. Бірақ жәбірленушілерді басқа елдерге шығару жағдайлары бар. Адам саудасы үшін елдерді таңдаудағы ең басты критерий – визасыз режим.

Ресей, Түркия және БАӘ — әуежай визалары жеңілдетілген елдер, ал АҚШ пен Корея Республикасында шетелдік жұмыс күшіне сұраныс жоғары.

Қазақстан, Орталық Азияның басқа елдерінен айырмашылығы, экономикалық өсуі мен географиялық жағдайының арқасында адам саудасының жоғары көрсеткішіне ие. Әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарына қарамастан, Қазақстан экономикалық тұрақтылығы төмен елдердің азаматтары үшін тартымды ел болып қала береді. Адамдардың ішкі саудасы негізінен ауылдардан мегаполистерге — Астана немесе Алматыға өтеді.

Қазақстан азаматтары үшін ең көп таралған сценарийлердің бірі – танысу сайттары мен модельдік агенттіктер арқылы қыздарды БАӘ мен Түркияға алып кету.

Адам саудасының құрбандары көп жағдайда ұқсас оқиғаларды бастан кешеді. Алдымен таныс немесе бейтаныс адам көп табыс таба алатынын айтып, уәде беріп, жұмыс ұсынады. Егер билетті сатып ала алмаса, сатып алуға көмектеседі. Әрі қарай, бір топ адамдармен бір жерге жиналған соң жоғалып, «жұмыс берушілердің» қолына түседі. Бұл сценарий бойынша біздің елден бөлек шетелдің де азаматтары құрбанға айналады.

Шетелдегі жұмысқа қазақстандықтардың қызығушылығы жоғары. Өйткені олар лайықты табыс табудың табысты мысалдарын көріп, сақтану үшін әрекет жасауды естен шығарады. Сол себепті жұмыс іздеп барған азаматтардың көбі БАӘ, Түркия секілді елдердегі қылмыстық топтардан құтқарылды.

Кез келген азамат «тауарға» айналуы мүмкін

Сарапшылар қаржылық жағдайдың төмендігі, жұмыссыздық, кәсіптің болмауы адам саудасының құрбаны болу қаупін арттырады дейді. Бірақ жынысына, жасына, ұлтына және басқаларға қарамастан кез келген жан адам саудасының құрбаны болуы мүмкін.

Егер табыс азайып, адамдар жұмыс орындарынан айырылса, онда адамдардың көбі күн көру үшін қауіпті жолдарға бас сұғады. Шетелде жұмыс істеуді таңдаған адам кез келген қауіпке дайын болуы керек. Және сол елдің заңдары мен ережелерінен хабардар болғаны дұрыс. Әдетте, мигрант шетелде жұмыс істесе де тіл мен заңдарды білмейді. Сол себепті өзге елге барып алған соң жолға кеткен қаражатты ақтау мақсатында кез келген ұсынысқа келісуге мәжбүр болады.

Неліктен қылмыскерлерді жазалау қиын?

Адам саудасымен айналысатындардың көбісі шетелдіктер болып табылады. Неліктен аталған мәселе бойынша қылмыскерлерді жазалау қиынға соғады? Бұған бірнеше себеп бар:

1) процестің ұзақтығы. Жәбірленушілер үшін қылмыстық істің ұзаққа созылуы қиынға соғады.

2) қылмыс құрамының кідірісі мен күрделілігі. Дәлелдемелерді жинау максималды күш-жігерді қажет етеді, бірақ көбінесе істер тек жәбірленушілердің айғақтарына негізделеді.

Орталық Азия бойынша қылмыстың бұл түріне қатысты деректерге талдау жүргізеді және айырмашылықтарды табады. Мысалы, Қазақстанда Өзбекстанға қарағанда жылына шамамен 50-ден 100-ге дейін адам саудасына қатысты жағдайын анықтайды, ал Өзбекстанда зардап шеккен 150-ден 350-ге дейін тұрғынды тіркейді. Олар біздің статистикамызға кірмейді, өйткені олар отанына оралғаннан кейін ғана көмек сұрайды.

Қазақстандағы онлайн-жалдау және трафик туралы жаңа зерттеуі бізге бірнеше қызықты фактілерді береді:

·       Мигранттарды тасымалдайтын және басқаратын қылмыскерлер көбінесе адам саудасымен тікелей байланыста жұмыс істейді. Еурополдың мәліметтері бойынша, анықталған қылмыскерлердің 20% - ы адам саудасына қатысты.

·       Мигранттардың контрабандалық қызметтері нарығы онлайн қызметтерді пайдаланады. Кейбір қылмыстық топтар әлеуметтік желілерде ашық жарнамаланады.

·       Internet World Stats мәліметтері бойынша, Қазақстанда Интернеттің ену деңгейі ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Егер Қазақстан азаматы елден заңсыз әкетіліп, пайдалануға берілсе, онда мемлекет ақшаны қайтару бойынша қаржылық шығындарға, аудармашының, адвокаттың қызметтеріне және басқа да шығындарға қаржы бөледі.

Ол үшін жәбірленушінің азаматынан немесе туысынан өтініш жазу, сондай-ақ зорлық-зомбылық, заңсыз әкету және басқа да қылмыстар фактісін растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

«Мен құлдыққа түстім»: Қайда жүгіну керек?

Мұндай жағдайларда құқық қорғау органдары, елдегі елшілік бөлімдері мен баратын елдердегі көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым көмек көрсетуі тиіс.

Егер сіз қоңырау шала алмасаңыз немесе бұған ешқандай мүмкіндігіңіз болмаса бірінші мүмкіндікте жағдайыңыз туралы жаныңыздағы адамдарға хабарлап, көмек сұрап көріңіз. Адам саудасының құрбандары көшеде өтіп бара жатқан адамдарға, клиенттерге, ұшақтағы стюардтарға хабарлауына болады. Әдетте, олар сіз туралы Құқық қорғау органдарына айтып немесе көмек келгенше уақытша жасыра алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ерсаевтың мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша уәкілетті қызметтер адам саудасының 247 құрбанына көмек көрсетті (2023 жылмен салыстырғанда 17% – ға артық), оның 114-і шетелдік азаматтар. Ішкі істер органдары арқылы оған 129 адам, қалғандары еріктілер мен көші – қон қызметтері арқылы жүгінді. Елде осы қылмыстардың құрбандарына көмек көрсететін 13 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар