Трамп Қазақстанның барлық тауарына 25 пайыз баж салығы cалынатынын жариялады

/uploads/thumbnail/20250708152048063_big.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдады.

Ақ үй басшысы хат мәтінін Truth Social желісіндегі парақшасында жариялады.

"2025 жылғы 1 тамыздан бастап секторлық баждардан бөлек, Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына жіберілетін кез келген тауарға небәрі 25 пайыз мөлшерінде баж салығын саламыз", - деп жазылған құжатта.

Трамп АҚШ пен Қазақстанның сауда қатынасын талқылауға уақыты болғанын айтты, дегенмен ол қазір Вашингтон "ұзақ мерзімді тапшылықтармен" күресу маңызды деп санайтынын жеткізді. Америка басшысының айтуынша, баж АҚШ-та тікелей тауар өндіретін компанияларға қолданылмайды.

"Қандай да бір себептермен сіз де тариф енгіземін деп шешсеңіз, оларды қай деңгейде енгізсеңіз де, біздің 25 пайызға қосылады. Бұл тарифтер сауда кедергілерін түзету үшін қажет екенін түсініңіз. Сауда теңгерімсіздігі біздің экономикамызға және ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді!" - деп жазылған хатта. 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар