Қазақстанда биылғы жылы қылмыс саны азайды

/uploads/thumbnail/20251031125942781_big.webp

Елдегі қылмыстардың жалпы саны биыл 7% - ға төмендеді, деп хабарлады Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бері қылмыс деңгейі екі есе төмендеген. Кісі өлтіру саны 4,5 есе азайды, осы кезеңде халық саны 1,5 есе өсті.

Бүгінде қылмысқа қарсы күрес бойынша нақты бағдарламалар іске асырылуда, оның ішінде:

  • кісі өлтірудің алдын алу бойынша (2024-2026 жылдарға);
  • ұрлыққа қарсы күрес бойынша (2024-2026 жылдарға);
  • киберқылмысқа және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша (2023-2025 жылдарға);
  • есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша;
  • адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша;
  • экстремизмге қарсы күрес бойынша;
  • Колониялардағы жағдайды жақсарту бойынша.

Ағымдағы жылы да оң динамика сақталып отыр. Қылмыстардың жалпы саны 7% - ға немесе 6 мың жағдайға азайды. Оның ішінде:

·       кісі өлтіру (-20%);

·       қарақшылық (-28%);

·       тонау (-30%)4

·       бұзақылық (-11%);

·       ұрлық (-24,5%).

Қылмыстар саны да азайды:

·       бұрын сотталғандар жасаған (-9%);

·       қоғамдық орындарда (-7%);

·       көшелерде (-5%);

·       атыс қаруын қолдану (-16%).

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар