Баласының еміне жиналған 1,3 млрд теңгені ұрлады деп айыпталған Тотақанованың соңғы соты өтті

/uploads/thumbnail/20260109151755432_big.webp жүзмедиа

Астана соты Дәулет пен Толқын Тотақанованы аса ірі көлемде алаяқтық жасап, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп таныды. Тергеу мәліметтері бойынша, ерлі-зайытылар ауыр науқас баласының емделуіне қаражат жинаған, алайда 1,3 млрд теңгеден тек 6,4 млн теңгесі ғана нақты емге жұмсалған. Қалған жиналған қаражатты жарнамалауға, жылжымайтын мүлікке, көліктерге және құмар ойындарға жұмсаған. 

Прокурор әрқайсысын жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, ал Толқынның жас баласы бар екенін ескере отырып, жазаны екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды. Сот бұл талапты қанағаттандыра отыра әрқайсысына жеті жыл түрме жазасы тағайындалды, Толқын Тотақанованың жазасы екі жылға кейінге шегерілді. Сонымен қатар, оларға он жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға және донорлық қаражат жинауға тыйым салынды, мүліктері тәркіленді.

Соңғы сөзінде Толқын Тотақанова қаражатты тек баласының емделуіне жұмсағанын айтып, өзін пайыздық займ берушілердің құрбаны деп атады. Сотталушы өзінің жұбайының ақшаны жұмсауға қатыспағанын жеткізді.

Айыпталушы соттан өздеріне жеңіл жазаны немесе өтемақы көлемінде тағайындауды сұрады.

Қатысты Мақалалар