Тоқаев вице-президенттің есімі қашан жарияланатынын айтты

/uploads/thumbnail/20260823164107609_big.webp Автор

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жаңадан енгізілген вице-президент қызметіне кім тағайындалатынын алдағы бір апта немесе он күн ішінде жариялайтынын айтты.

«Вице-президент қызметін кім атқаратыны келесі апта немесе он күн ішінде белгілі болады. Қазір оның есімін атау әлі ерте. Менің ойымша, бұл – бәріңіз жақсы білетін танымал адам», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі күрделі кезеңде вице-президент қызметі ел үшін аса қажет. Бұл лауазым Конституцияда әдейі қарастырылған.

Президент сондай-ақ жаңа мемлекеттік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл орган Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарған жұмысты күшейтіп, одан әрі дамытпақ.

Мемлекет басшысы Қазақстанды «үлкен құрылыс алаңына» айналдыру қажеттігін де айтты. Өңірлерде емханалар, балаларды оңалту орталықтары және басқа да әлеуметтік нысандар салынбақ. Ал Астанада жаңа көпір, Домбыра сарайы және Су ресурстарын зерттеу орталығы бой көтереді.

Қатысты Мақалалар