«Қазақстанда жасалған»«Даму» қоры алғаш рет отандық өндірушілердің форумын өткізді

/uploads/thumbnail/20170708201755277_small.jpg

Қай кезде де мемлекеттік бюд­жеттің басты доноры болып кел­ген, еліміз бойынша ІЖӨ-нің бес­тен бірін қалыптастыратын Алматы кеше республикамыз­дың барлық өңірінен отандық өндірушілерді «Қазақстанда жасалған» көрмесінде тоғыс­тырды. Жүздеген компания қа­­тысқан форумға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, форум жұмысына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен оның еншілес компания­лары, «Даму» қоры мүдделілік танытты.
Әрине, түрлі жиындар жиі өтіп жатады, әйтсе де дәл қазіргідей экономикалық жағдайда осынау көрменің орны бөлек. Біріншіден, бұл көрмеден біз балғындығы жағынан шетелден ағылып ке­ліп жатқан өнімдерден сапа­сы әлдеқайда асып түсетін өнімдерді, бәсекеге төтеп бере алатын тауарларды көрдік. Ең бастысы, тұтынушылар сапа кепілдігін кім­нен сұрайтындығын да біл­се, «Қазақстанда жасалған» брендіне жұмыс жасап жат­қан өндірушілеріміз де өз жауап­кершіліктерін сезінеді.
Орта және шағын бизнестің дөңгелегін алға сүйреткен кәсіп­керлеріміздің Алматыдағы бас қосуын қала әкімі Бауыржан Байбек ашып беріп, Елбасы тапсырмасы бойынша орта және шағын бизнес өкілдерінің экономикадағы үлес салмағын арттыруда қандай нақты жұ­мыс­тар жүргізіліп жатқанын дәйектеді.
– Форумда бірқатар іскер­лермен кездестік. Өте жақсы инновациялық жобалар бар. Ең бастысы, бұл жоспарларды іске асыруда қаражатқа қол жеткізу. Сондықтан мемлекет тарапынан болсын, қала тарапынан болсын кәсіпкерлерге жан-жақты жағдай жасалынатын болады, – деген қала әкімі бақылаудың болатынын да атады.
Өзіміздің сапалы тауар­лар­ды алуға кеңес берген қа­ла әкімі бірінші кезекте бір те­резе қағидатына сәйкес қо­лай­лы инвестициялық орта қа­лыптастыру маңызды екендігін айтады.
– Рұқсат беру үрдісін жеңіл­детіп, әр кәсіпорынға нақты қолдау көрсету керек. Сондай-ақ, банктермен жұмысты бір жолға қойған абзал. Барлық банктердің бас кеңселерінің 90 пайызы Алматыда шоғырланған. Барлық депозиттер мен несиелердің, сауда айналымының 40 пайызы Алматының үлесінде. Біздер әрбір кәсіпорынды біртіндеп қамти отырып, қаржыға қол жеткізуін, бизнестің ашық болуын қадағалаймыз, – деді Бауыржан Байбек.
Осы арада айта кету қажет, үстіміздегі жылы «Даму» қоры мен Алматы қаласы әкімдігімен бірігіп «Жібек Жолы» бағдар­ламасын іске қосқан болатын.
Сол сияқты «Қазақстанда жасалған» көрмесіне орай өткен басқосуда кәсіпкерлердің өздері де сөз алды. Бұл бір жағынан келешекте «Даму» қорымен жұмыс істеуге мүдделі іскер азаматтарға да қызықты болды.
– Бүгін өздеріңіз осы форумда қазақстандық компаниялардың өнімдерін өз көздеріңізбен кө­ріп отырсыздар. Мұның бәріне мемлекеттің қолдауының арқа­сында қол жеткізгенімізді айтуымыз қажет. Біріншіден, мен 2013 жылы елімізде энергия қуатын үнемдеу бағдарламасының қабылданғанын еске сала отырып, осы жылы компаниямызды ашып, 2014 жылы кәсібімізге сәйкес «Даму» қорынан субсидияланған несие алғанымызды айтқым келеді. Осы қаржыға жоғары технологиялық жапондық құрал-жабдықтар сатып алған едік. Қазіргі таңда компаниямызда 30-дан астам адам жұмыс істеп, жалақы алып отыр. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Осы үш жылдың ішінде жарық диодты шамдарымызды мемлекеттік мекемелерге ғана емес, жеке кәсіпкерлерге де сатып отырмыз, – дейді «Балқан» компаниясының жетекшісі Естай Ысқақов.
Бұл компания бизнестерін ұлғайту үшін биыл да «Даму» қорына өтініш берген. Сол сияқты сөз кезегі «Новопэк» ЖШС-нің бас директоры Рүстем Усмановқа берілгенде, жас кәсіпкер 2003 жылы құрылған өз компа­ниясының аяғынан тік тұрып кетуіне мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражаттың тигізген игі ықпалын айта келе, қазір отандық нарықта қалай жетекші кәсіпорынға айналғаны жайлы қызықты баяндады.
«Даму» қоры басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова бүгінгі таңдағы мемлекеттің мақсаты – халыққа ұсынылатын тауарлардың, дүкен сөрелеріндегі өнімдердің көпшілігі «Қазақ­станда жасалған» маркасымен шығару екендігін атай келе:
– Осы бес жылда осынау қар­жыландыру тетігінің аясында 6477 компания субсидия алды. Бірақ әлі де субсидияландыруға мұқтаж кәсіпкерлер бар. Енді сіздерді қуантып қояйын. Ке­ше Үкімет отырысында «Бизнес­тің жол картасы-2020» бағдар­ламасына өзгерістер енгізуге байланысты дауыс бердік. Бірінші өзгеріс – бұрыннан талай рет айтылып жүрген, Қазақстан кәсіпкерлері палатасы мен біздің кәсіпкерлеріміздің өтінішіне қатысты болды. Қазақстан тауар өндірушілерінің айналымдағы қаражатын несиелеуде субси­диялаудың жаңа құралы ен­гі­зілді. Елбасының тікелей ықпалымен бұл мақсатқа Ұлттық қордан 7 миллиард 200 миллион теңге бөлінбек. Ал бұл қаражат қазір­гі таңда отандық өнімдерді шы­ғарып отырған компанияларды қаржыландыруға жұмсалады, – деді.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, отандық өндірушілер тарапынан мұнан өзге өтініштер мен ұсыныстар жеткілікті болған. «Даму» қоры басқармасының төрайымы қаржыландыруға бай­ланысты бұл түйткілдердің көп­шілігі кәсіпкерлердің пайдасына шешілгенін мәлімдеді.
Ең бастысы, «Даму» қоры алғаш рет өткізіп отырған осынау көрменің тағы бір артықшылығы – отандық өндірушілердің саны өскені, өнімдер мен тауарларды қораптауда көз тартар дизайнға жүгініп, нарыққа бейімделе бастаған кәсіпкерлердің көбейгені қуантты.
Сонымен, көрмеге қатыс­у­шы­лар Қазақстанның барлық ай­ма­ғынан келген 100-ден аса өнді­рушілер ішінде тамақ, құрылыс саласы, жиһаз, киім, арнайы техникалар мен жабдықтар, сонымен қатар, кәдесыйлар мен баспаханалық өнімдер шығаратын компанияларды көрді.
Қорыта келгенде, «Қазақстанда жасалған» көрмесінің аясында отандық кәсіпкерлер мен Алматы қаласы әкімдігінің ком­муналдық кәсіпорындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, аталмыш көрмені жыл сайын өткізіп тұру жөнінде мәміле жасалды.

Қатысты Мақалалар