Ертең Байқоңырдан тағы бір «Протон» ұшады

/uploads/thumbnail/20170708210040805_small.jpg

«Бриз-М» жүрдек блогы мен «Экспресс-АМУ1» телекоммуникациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығышы 25 желтоқсанда Астана  уақытымен түнгі үш жарымда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ИТАР-ТАСС таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.

«Жоспар бойынша сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні ұшырылуы тиіс «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «Экспресс-АМУ1» ғарыш аппаратын ұшыру бір тәулікке шегерілді, - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Роскосмосқа сілтеме жасап.

Жоспардың ауысуына Байқоңыр ғарыш айлағындағы күн райының қолайсыздығы себеп болған – желдің күші белгіленген шектен асып кетті, - деп түсіндірді Роскосмостан.

«Экспресс-АМУ1» аппаратын еуропалық Astrium концерні дайындаған. Жер серігі Ресей, Еуропа және Африканың аумағына қызмет көрсетеді. Ғарыш аппараты 15 жыл бойы пайдаланылады деп жоспарлануда.

 «Қамшы» сілтейді

 

Қатысты Мақалалар