Биыл қарашада доминикандық Батистаны ұрып жыққан қазақ кәсіби боксшысының келесі кездесуі қаңтар айының 15-і мен 20-ы аралығына жоспалануда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Уақытты бос өткізбейміз. Өйткені, келер айда жоспарлар бар. Америкадағы командам, промоутерларым, жаттықтырушыларым қазір сол жұмыстармен сөйлесіп жатыр. Ендігі қарсыласты Колумбиядан WBA мамандары ұсынып жатыр», – дейді Қанат Ислам. Себебі, Қанат қазір осы тұжырым бойынша үздік бестіктің қатарында тұр. Биыл атақты промоутер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған жерлесіміздің жекпе-жекті Қазақстанда өткізу жоспары да жоқ емес.
«Мүмкін болса осы Алматы, Астанада 21-ші кездесуімді өткізуге ұсыныстар бар. Қытайда, Ресейде өткізу туралы да ұсыныстар болды, - дейді ол.
Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша «алтын белдікті» иеленген Ислам бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты.