Ақордада шырша құрылды

/uploads/thumbnail/20170708210057243_small.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақордада жаңа жылдық шырша құрылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Мемлекет басшысының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, бүгін білім және ғылым министрлігі Қазақстан бойынша Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында балаларға арналған жаңа жылдық Президент шыршасы өтіп жатқанын, оған 3500-ге жуық бала қатысқанын хабарлады.

Жаңа жылдық мерекеге жиналған балаларға Президенттің видеожолдауы көрсетілді.

 

Қатысты Мақалалар