Алматыда төсек қатынасына түспеген бойжеткен екіқабат болып қалған

/uploads/thumbnail/20170708210055477_small.jpg

Аяғының ауырлағанын 18 жастағы қыз анасымен бірге іші ауырып емханаға барғанда бір-ақ білген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы интернет-портал тілшісіне аталған жағдай орын алған отбасының мүшесі хабарлаған. Белгілі бір себептермен отбасы аты-жөндерін жасырып қалуды жөн көріпті.

Кәмлет жасына келген қызын дәрігерге жетектеп әкелген анасы жуырда немерелі болатынын, қызы жүктіліктің 7-айында екенін естіп, есінен танып қала жаздаған. Жүкті болғанын білмейтін қыздың өзі әлі пәк екенін айтып, ақталған.

Қыздың ешкіммен төсектес болмағанын оны тексерген дәрігер-гинеколог та растады.

Кейін анықталғандай, қыз бала жігітімен оңашада қалып, біраз ойнаған. Талай жерге дейін барып, шешінген, бірақ жыныстық қатынасқа түспеген. Сонда да жігіттен бөлініп шыққан биологиялық сұйықтық қыздың ішіне түскен. Енді жігіт "Қызға тиіскен жоқпын" деп  ат-тонын ала қашып, үйленуден бас тартып отырған көрінеді.

Отбасы Қазақстанға өзге елден жұмыс істеуге келгенін айта кету керек.

 

Қатысты Мақалалар