Президент бірнеше шенеунікке зейнет жасында қызметтерін жалғастыруға рұқсат берді

/uploads/thumbnail/20170708210153040_small.jpg

Президент зейнеткерлік жасқа толған бірқатар министрлер мен әкімдердің өкілеттіктерін ұзартты, - деп хабарлайды 7sunews.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстанның мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылады:

Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьниктің — 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің — 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың  — 2020 жылғы 22 қарашға дейін;

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің — 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін;

Қазақстанның Ауғанстан Ислам республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімовтің — 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненовтің  өкілеттілігі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

 

Қатысты Мақалалар