KASE биржасындағы күндізгі сауда нәтижесі бойынша АҚШ долларының бағасы 328,03 теңгені құрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Таңғы сессияда доллар бағамы 326,38 теңгеге тұрақтаған болатын. Осы күнге дейін теңгенің долларға шаққандағы бағамының шекті көтерілген шегі 349,12 теңге (21 желтоқсан) болып отыр.
Бүгінгі саудада доллардың төменгі бағасы 327,6, жоғарғы бағасы 329 теңге болды. Барлығы 99,1 миллион доллар саудаланған.
Ал, ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары 327-330 теңге көлемінде саудаланып жатыр.