Республиканың үш облысында көліктің барлық түрі үшін жол жабылды

/uploads/thumbnail/20170708210236431_small.jpg

Республиканың үш облысында автокөліктің барлық түрі үшін жол жабылды, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. 

ШҚО-да 25 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) жолда көліктің барлық түрі үшін жол жабылды: 10-40-тан бастап, «Алматы-Өскемен» (977-1073 шақырым), «Өскемен-Зыряновск-Қатон-Қарағай» (6-66 шақырым), «Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы» (54-102 шақырым, 108-123 шақырым, Первомайка кенті-Шемонаиха қ.-РФ шекарасы), «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка-Сосновка-Қоянбай»  (72-184 шақырым); «Өскемен-Самарское» (63-145 шақырым, с. Тарғын-Самарское) «Бородулиха-Жезкент» (30-49 шақырым, Переменовка- Жезкент кенті); «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» (320-704 шақырым,   Қарағанды облысы- Аягөз қ.); «Алматы- Өскемен» (778-973 шақырым,   Аягөз- Қалбатау);  «Семей-РФ шекарасы» (2-113 шақырым); «Алматы-Өскемен» (683-768 шақырым, Аягөз қ.-Таскескен бұрылысы); 10-10-нан бастап «Өскемен-Зыряновск-Рахмановские ключи» (100-167 шақырым,   Октябрьский кенті- Зыряновск қ.); 15-30-дан бастап - «Омбы-Майқапшағай» (942-1103 шақырым, Кентрлау-Боғас); с 16-40 - «Өскемен-Семей» (8-154 шақырым, Өскемен қ.- Шүлбі бұрылысы).   

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Алматы-Екатеринбург» жол учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1003-641 шақырым) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.

Ақтөбе облысында жүк көліктері мен қоғамдық көлік үшін «Самара-Шымкент» (773-965 шақырым) жолы жабылды.

 

 

Қатысты Мақалалар