Алматы облысында дәрігерлер 8 жылда 22 нәрестені сатқан

/uploads/thumbnail/20170708210233884_small.jpg

Алматы облыстық көп салалы клиникалық ауруханасы босандыру бөлімшесінің дәрігерлері сегіз жыл ішінде 22 нәрестені заңсыз сатқан, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Құрамына акушер дәрігерден бастап бөлімше меңгерушісіне дейінгі аралықтағы 10 дәрігер медициналық қызметкер кіретін қылмыстық топ осы уақытқа дейін жасырын әрекеттерін «жемісті» жүргізіп келген. Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, олар әр нәрестені 150 мың теігеден бастап 6 мың АҚШ долларына дейінгі аралықта саудалаған.

Қылмыстық топ босанатын жалғыз басты әйелдерді азғырып, баласынан бас тартуға үгіттеген. Қателікпен жүкті болған жас қыздарға туыс-туғанның алдында ұятқа қалмаудың, қолайсыз мәселеден оңай «құтылудың» жолын ұсынған. Алайда, босанған келіншектер бас тартқан сәбилері балалар үйлеріне өткізіледі деп ойлап, саудадан хабарсыз болған. Бас тарту қағазына қол қойғызып алған соң, дәрігерлер клиент іздеуге кірісетін болған. Бала сатып алушылар, әдетте, сәби дүниеге келген соң 3-4 күн ішінде табылып отырған.

Соңғы бала сату оқиғасы осы жылдың көктемінде әшкереленіп, қылмыстақ топ жауапқа тартылған.

Аурухананың жаңа басшысы Жұмахан Молдақұлов қазіргі таңда ауруханада қауіпсіздік шараларына қатаң мән берілетінін, науқастар мен босанатын әйелдер жіті бақылауға алынғанын айтып отыр.

 

Қатысты Мақалалар